Қазақстан • 25 Тамыз, 2022
Сахара ғұламасы атанған Бекасыл Биболатұлы адамзаттың қымбат жауһарларының бірінен саналатын «Зикзал» атты еңбегінде «Алла адамды аса сүйіспеншілікпен және саналы етіп жаратқан. Сонымен бірге ол әр адамның ғұмыры мен тағдырын жазып қойған» деп айтады. Сондықтан болар, кейбіреулер жүз жасаса да, бүкіл өмірін бос өткізеді. Ал кейбіреулер мағыналы өмір сүріп, артында өшпес із қалдырады.
Әдебиет • 25 Тамыз, 2022
Қазақ әңгімесі дегенде алдымен ойымызға шағын жанрдың шебері Бейімбет атамыз келеді. Иа, кәдімгі Бейімбет Майлин! Обалы нешік, Биағаңның оймақтай әңгімелерін оқығанда өткен ғасырдың басындағы оқиғаларды теледидардан көргендей әсерде боламыз. Сондай кезде әп дегеннен оқырманды жетелеп, еріксіз езу жиғызып, кейде жаныңызды мұңайтып, кейде қуантып отыратын ғажайып бейнелердің галереясын жасаған жазушының шеберлігіне таңдай қағасыз. Оның шығармаларында басы артық деталь, көлденең сөз, артық бояу жоқ. Бір деммен құйыла салған секілді. Белгілі қаламгер Жолтай Әлмашұлының әңгімелері де Биағаңның туындыларымен үндесіп тұрады. Жазушы философиялық терең ой айтамын деп күшену, сөзбен сурет саламын деп көпсөзділікке ұрыну, кейіпкерлерді асыра әсірелеу секілді қасиеттерден ада. Қайта, шығарманы қолмен қойғандай дәлдікпен, ұтымды детальмен, айшықты әзілмен әрлеп отырады.
Әдебиет • 25 Тамыз, 2022
Бала күнгі оқыған бір ертегі ойға оралады. Бір күні Жел мен Күн кездесіп, кімнің күшті екенін дәлелдегісі келеді. Жел өзінің қуатты екенін айтып мақтанады. Күн де қалыс қалмайды. Ұзақ уақытқа созылған дау арасында жолда кетіп бара жатқан бір жолаушы назарларына ілігеді.
Спорт • 25 Тамыз, 2022
Болгарияның бас шаһары – Софияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталған соң даңқты балуан, білікті бапкер, Қазақстан және Азия күрес федерацияларының президенті, Біріккен күрес әлемінің (UWW) бюро мүшесі Дәулет Тұрлыханов Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде БАҚ өкілдерінің басын қосып, күні кеше ғана өткен жарысты қорытындылады. Сонымен қатар ол жыл басынан бері атқарылған жұмыстары жайында баяндай келе, осы салада қордаланып қалған кейбір мәселелерге де кеңінен тоқталды.
Спорт • 25 Тамыз, 2022
Қазақ балуандарының қарқыны бәсең
Нұр-Сұлтандағы Азия чемпионаты аяқталғаннан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Бұл жарыс сары құрлықта орналасқан мемлекеттер үшін өте қолайлы болды. Өйткені қазақ жерінде табысты өнер көрсеткен саңлақтар рейтингтегі жағдайларын біршама жақсартты. Атап айтсақ, елорда төрінде жеңімпаз атанған апайтөстер бірден 700 ұпай олжаласа, финалға шыққандар 490 және қола медальдің иегерлері 350 ұпайдан еншіледі. Берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланғандар арасында біздің де елдің өрендері бар.