Әлем • 24 Тамыз, 2023
Ресейдегі әуе апаты: Пригожин мінген ұшақта тағы кімдер болғаны белгілі болды
Сәрсенбі күні кешке Тверь облысының аумағында жеке ұшақ апатқа ұшырады. Біраз уақыттан кейін оның бортында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин және оның орынбасары Дмитрий Уткин болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz dzen.ru арнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2023
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Ұлытау облысында болды. Ол қысқы жылу беру маусымына әзірліктің жай-күйін пысықтап, облыс орталығын таза сумен қамтамасыз етуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Спорт • 24 Тамыз, 2023
Қазақстандық дзюдошы әлем біріншілігінде чемпион атанды
Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, барлығы үш жүлдемен медаль кестесі бойынша бірінші орында тұр. Нұрлан Исатаев әлем чемпионы атанды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 24 Тамыз, 2023
Қоғамдық қабылдау: Мәселелер қараусыз қалмайды
Парламент Мәжілісінің спикері, «Аmanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Қоғам • 24 Тамыз, 2023
Цифрлық қызметті қолданушылар көп
Биыл еліміздегі банктердің онлайн қызметтерін белсенді пайдаланушылар саны 20,7 млн-ға жеткен. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 0,5%-ға көбейген көрінеді. Ал бұдан екі жыл бұрынғыға қарағанда, онлайн-банкингті қолданушылар өсімі айтарлықтай артып 25,5%-ды құраған. Бұл ретте біздегі банк секторын цифрландыру және онлайн-банкингті дамыту ел экономикасының түгелге жуық өзге саласы мен секторлары үшін тиімді цифрлық трансформацияның үлгісі екенін айтып өткен жөн.