Әлем • 24 Тамыз, 2023

Ресейдегі әуе апаты: Пригожин мінген ұшақта тағы кімдер болғаны белгілі болды

6910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбі күні кешке Тверь облысының аумағында жеке ұшақ апатқа ұшырады. Біраз уақыттан кейін оның бортында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин және оның орынбасары Дмитрий Уткин болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz  dzen.ru арнасына сілтеме жасап. 

Ресейдегі әуе апаты: Пригожин мінген ұшақта тағы кімдер болғаны белгілі болды

Фото: gazeta.ru

Baza телеграм арнасының хабарлауынша,  ұшақта Пригожиннің екі орынбасары болған. Дмитрий Уткин -  подполковник,  2013 жылға дейін Қорғаныс министрлігі ГРУ арнайы күштерінің 2-ші жеке бригадасының 700-ші арнайы жасағының және «Вагнер» тобының командирі. Валерий Чкалов − экс-кәсіпкер, Пригожиннің бизнес құрылымдарымен байланысы бар адам. «Вагнер» компаниясындағы Пригожиннің орынбасары және қауіпсіздік қызметіне жауапты қызметкер болған.

Ұшақ бортында аталған компанияның жауынгерлері Евгений Макарян, Александр Томин және Сергей Пропустин де болған деген дерек бар.

Mash телеграм-каналының мәліметіне сүйенсек, ұшақта сондай-ақ кеме командирі Алексей Левшин, бортсерік Кристина Распопова болған.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50