Фото: qov.kz
Ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлаған Нұрлан Исатаев 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаровты (Түрікменстан), Лиова Спариянды (Армения) Янг Жонатанды (АҚШ) айқын басымдықпен жеңіп, финалда грузиялық Мераби Самадашвилиді ұтты.
Қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова 40 келіге дейінгі салмақ бойынша белдесулерге шығып, ел қоржынына күміс жүлде салды. Ал қола жүлдені Оралбек Байзақ жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасындағы аталған әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады.