Әлем • 03 Тамыз, 2021
Еуропаға кіру талаптары өзгертілді
Еуропа елдеріне кіру талаптары өзгертілді. Сондықтан осы бағытта саяхаттайтын жолаушыларға барар елге кіру талаптарымен алдын ала танысуға және жағдайды бақылып отыруға кеңес беріледі.
Әлем • 03 Тамыз, 2021
Спортшы қысымға ұшырағанын мәлімдеді
Жеңіл атлет Кристина Тимановская Олимпия ойындарында Беларусь құрамасының басшылығы оның 4х400 метрлік эстафетаға қатысатыны туралы шешім қабылдағанына наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде сынға алды. Спортшының айтуынша, бұл оның дайындалған бейіні емес. Бір күннен кейін Беларусь құрамасының өкілдері Тимановскаяны Минскіге қайтаратынын хабарлады.
Экономика • 03 Тамыз, 2021
Қазақстан тамыз айында ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін арттыратын болды. Келер айда өндіріс көлемі тәулігіне 1,491 млн баррельге дейін жетпек. Тиісінше әр ай сайын квота тәулігіне 16 мың баррельге ұлғайып отырады.
Саясат • 03 Тамыз, 2021
Соқыр сенімнің салдары 19 мың адам «қаржы пирамидаларынан» зардап шекті
«Астра консалтинг» деп аталатын компания 120-дан астам адамды жалпы сомасы 650 миллион теңгеге алдап соғып, тақырға отырғызып кеткен. Бұл жөнінде ІІМ-нің апталық брифингінде Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.
Саясат • 03 Тамыз, 2021
Қуаңшылықтан қиналғандар қамқорлықсыз қалмайды
Сыр бойындағы қуаңшылық зардабын тартып отырған Арал өңіріне көршілес Түркістан мен Ақтөбе облыстарынан, аймақтың өзге аудандарынан жемшөп жеткізілуде. Өңірде жұмысты үйлестіретін облыстық және аудандық штаб құрылып, мал азығын дайындау және қамтамасыз ету жөнінде облыстық жоспар бекітілді. Соған сәйкес, арнайы шөп дайындау бригадалары, еріктілер, «Жасыл ел» студенттік отряды жастары жұмылдырылды.