Қазақстан тамыз айында ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін арттыратын болды. Келер айда өндіріс көлемі тәулігіне 1,491 млн баррельге дейін жетпек. Тиісінше әр ай сайын квота тәулігіне 16 мың баррельге ұлғайып отырады.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша мұндай келісім ОПЕК+ қатысушы-елдердің онлайн отырысында жасалған. Отырыс қорытындысы бойынша мұнай өндіруді ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдаса көбейту туралы шешім қабылданыпты.
«Нұрлан Ноғаев өз сөзінде ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған шаралар арқасында әлемдік мұнай нарығындағы ахуал жақсы жағына қарай өзгергенін айтты. Қазақстан қатысушы-елдердің өндірісті арттыруын жақтады» делінген таратылған хабарламада. Келесі отырыс желтоқсан айында болады.
Әу баста Ресей мен Сауд Арабиясы өндірісті 2022 жылдың сәуірінен бастап, 2022 жылдың соңына дейін қысқарту туралы қазіргі келісімді қолдаған. Олардың позициясы бойынша өндіріс тамыз бен желтоқсан аралығында айына 400 мың баррельден қосып отыруы тиіс. Бірақ бұған БАӘ қарсылық білдірген. Олар өз квотасын тәулігіне 3,2 млн баррельден 3,8 млн баррельге көтергісі келді. Ұзаққа созылған келіссөз нәтижесінде БАӘ-нің базалық өндіріс деңгейі тәулігіне 3,65 млн баррельге артатын болды. Оның есесіне әмірліктер ОПЕК+ аясында шектеулерді 2022-нің желтоқсанына дейін созуға келісті. Сарапшылар БАӘ бастамасы өзге елдерге де түрткі болуы мүмкін дейді. Мәселен, Ирак ОПЕК+ келісімі күшіне енгеннен бастап, халықаралық компанияларды қатыстыра отырып өндіріс қуаттылығын арттырған.
Осыдан екі күн бұрынғы деректерге қарасақ, мұнай бағасының аз да болса өскенін байқаймыз. 19 шілде күні барреліне 70 доллардан да төмен түсіп кеткен WTI мұнайының бағасы 0,04 пайызға қымбаттап, 71,94 доллар болған. Ал соңғы он күндіктің басында 71,82 долларға бағаланған Brent мұнайы 0,26 пайызға өсіп, барреліне 73,95 долларға жетіпті. Телеграмдағы Tengenomika арнасының жазуынша, ОПЕК+ ұйымының келісімі мұнай бағасына теріс әсерін тигізді. «Brent котировкасы ОПЕК+ ұйымының өндірісті ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге дейін арттыру туралы шешімінен кейін 70 доллардан да төмен құлдырап кетті. Қазір COVID-19-дың үшінші толқынының басталуына байланысты мұнай және мұнай өнімдеріне деген сұраныс айтарлықтай төмендеді», деп жазады арна.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар