Қазақстан • 27 Тамыз, 2021
29 тамыз – Семей ядролық сынақ алаңының түбегейлі жабылған күні. Дәл осы күн 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен және бірқатар елдің қолдауымен БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып белгіленді. Бұл адамзатты толғандырып келе жатқан ядролық қару қаупін сейілтуге күш-жігерін барынша жұмсап келе жатқан еліміздің, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлін айшықтайды.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2021
Биыл Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толды. Осы орайда облыстық А.Пушкин кітапханасының ұжымымен бірлесіп экспедиция ұйымдастырдық. Ай бұрын Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталыққа (ҰЯО) хат жолдадық, бүге-шігесіне дейін ақылдастық. Себебі бара жатқан жеріміз стратегиялық маңызы бар нысан еді. Тіпті неше дүркін сынақ өткізілген қауіпті аймаққа да кіруге бел байлағанбыз.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2021
Қазақстанның тәуелсіздік алған тұста қабылдаған маңызды шешімдерінің бірі ядролық қарудан бас тарту мәселесіне қатысты болғаны мәлім. Осылайша, егемен ел тарихының алғашқы парақтарына осы бір игі бастама айшықтала жазылды. Жаңадан тәуелсіздікке қол жеткізген мемлекеттің халықаралық аренадағы бейнесі осы бір шешіммен тығыз байланысты.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2021
Ата Заңды насихаттау және дәріптеу биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатыр. Конституция және Тәуелсіздік ұғымдары өзара тығыз байланысты. Егемендік туралы сөз қозғалғанда алғашқылардың бірі болып Ата Заң көз алдыңа келеді. Әлемнің көптеген елдерінде жаңа мемлекеттің заңдық тұрғыдан рәсімделуі оның конституциясын қабылдау арқылы жүзеге асырылды. Солардың қатарында Қазақстан да бар.
Қоғам • 27 Тамыз, 2021
Әскери ардагерлер әділдік іздейді
1949-1989 жылдар аралығында Семейдің даласында 456 сынақ өткізілгені белгілі. Оның ішінде жер үстіндегі, әуедегі, ұңғымалардағы, тоннельдегі жарылыстар бар... Тіпті сутегі бомбасына дейін сыналғаны белгілі. Ең өкініштісі, жойқын жарылыстардың салдары қарапайым халыққа ауыр соққы болды. Сонау жылдардағы сынақтың зиянын жұрт әлі күнге дейін тартып отыр.