Қоғам • 24 Тамыз, 2022
Арнайы білім беруді қажет ететін балалар бар
Балалар құқығы – қоғам назар аударатын мәселе. Әсіресе ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларға білім беру, денсаулығын жақсарту, қоғамнан қағажу көрмей өсуіне толық жағдай жасауға кешенді қадамдар қажет. Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» мәселесі педагогтардың республикалық тамыз конференциясының пленарлық секциялық отырысында талқыланды.
Білім • 24 Тамыз, 2022
Жаңа оқу жылына орай Павлодар облысында заманауи білім берудің үш негізгі аспектісі белгіленді. Олар – патриотизм, білімге деген ұмтылыс және еңбексүйгіштік. Бұл тұрғыда әр оқу орнында балаларға арналған өзіндік қарым-қатынас және мінез-құлық саясаты болуы керек.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2022
Елордалық 5573 әскери бөлімде Есіл өзеніне батып бара жатқан елорда тұрғынын құтқарған Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне құрмет көрсетілді.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2022
Жұрт ұйқыда жатқанда, ел шетін кірпік қақпай күзететін шекарашылардың еңбегі ерлікпен пара-пар. Атаулы мамандық иелерінің меншікті мерекесі қарсаңында Алматы іргесіндегі ҰҚК-ге қарасты «Қаскелең» шекара бөліміне барып, шептегі шымыр жігіттердің бір күнгі өмірімен танысып қайтқан едік.
Руханият • 24 Тамыз, 2022
Шебер туған өнер туындысы кез келген етжүректі пендені елең еткізері хақ. Сонау 1980 жылдардың жуан ортасында кеңінен таныла бастаған күйші-композитор Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» жай адам түгіл еңкейген кәрі таяғын тастап, еңбектеген бала ойынын тоқтатып құлақ түріп тыңдай қалатын күйге айналған еді. Бұдан кейін іле-шала туған «Боздақ», «Өкініш», «Бесік күйі» (Балауса), «Аруана», «Ақ жауын» сияқты күйлерінің әсері «Көңіл толқынынан» бірде-бір кем соққан жоқ. 1986 жылдан бастап іргесі сөгіле бастаған кеңес өкіметінің кетеуі кетіп, тоқыраған тұсына тұспа-тұс келген бұл күйлер халықтың жүрегіне ем, жанына желеу болды.