Ахмет Байтұрсынұлы • 24 Тамыз, 2022
Біз, өкінішке қарай, Ахмет Байтұрсынұлының есіміне бала кезімізден көзіміз қанығып, құлаққа сіңіріп өскен жоқпыз. Газет-журнал, кітап оқуға әуестігіміз ояна бастағанда, әредікте ғана ол кісінің есімін әртүрлі еңбектерден, көркем шығармалардан, ғылыми зерттеулерден кездестіріп қалып, оқи жүргенде, тек жағымсыз тұрғыдан Алаш қайраткерлері Әлихан, Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбектермен қатар оқып танып, абыройлы атағымен емес, «халық жаулары» санатында жазаға іліккендер деген ұғым әбден санамызға сіңіп, қалыптасып қалған болатын.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2022
Қараусыз қалған қасиетті нысандар
Сіз, Жетісудың табиғатынан бөлек, дәуір мұңын жастанған киелі орындарға бай екенін білесіз бе? Бір Қапалдың өзінде бірнеше тарихи ғимарат жасырынып жатыр. Жоқ, олар жасырынып жатқан жоқ, қадіріне жетер қазақ баласын күтуде. Бұрындары бүтін халықтың ақыл-есіне айналған рухани шаңырақтар кедейдің үйіндей күтімсіз қалған, әне қабырғасы құлағалы тұр. Қараша халық қанша шырылдағанымен, биліктің құлағына жетпеуде. Ал жергілікті әкімшілік мемлекетке иек артумен әлек.
Технология • 24 Тамыз, 2022
Интернет де-юре бар, де-факто жоқ
Ұлттық коммуникация және цифрландыру қауымдастығының дерегіне сүйенсек, еліміздегі халықтың интернет байланысымен қамтылуы жөніндегі статистика көп жағдайда шындыққа жанаспайды. Мәселен, Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың 99,3%-ы интернетпен қамтамасыз етілгені туралы мәліметті тұрақты негізде айтып келеді. «Іс жүзінде жағдай түбегейлі басқаша», дейді қауымдастықтың басқарушы директоры Азамат Колов.
Технология • 24 Тамыз, 2022
Бір қарағанда елімізде цифрландыру жоғары қарқынмен жүріп жатқандай көрінеді. Тауарлар мен қызметтер ақысын төлеу біршама цифрланды. Қазір Google Pay, Apple Pay немесе QR-код арқылы төлем жасаудың түк қиындығы жоқ. Бұл тіпті қолданысымызға тез енді. Онлайн тапсырыс беру де қалыпты дағдыға айналды. Дегенмен жалпы процестің көлеңкелі тұстары да баршылық.
Спорт • 24 Тамыз, 2022
Алтын белбеу Әлімханұлына беріледі
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) америкалық кәсіпқой боксшы Деметриус Андраденің суперорта салмақ дәрежесі бойынша «уақытша» чемпиондық атақ үшін ұлыбританиялық Зак Паркермен күш сынасуына рұқсат берді. Бұған дейін ол орта салмақтың алтын белбеуінен бас тартқан болатын.