Өнім • 23 Тамыз, 2023
2023 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №143 шешімі негізінде «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне елеулі өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер сүт өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірушілерге өз өнімдерін таңбалау кезінде шығармашылық еркіндік беруге бағытталған.
Инвестиция • 23 Тамыз, 2023
Тамақ өнеркәсібін инвестициялау маңызды
Әлемде адам санының күрт артуы түрлі климат өзгерісі тамақ өндірісі экономикасына жаңа талаптар жүктеп отыр. Технологияларды дамыту, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіндегі инновацияларды ілгерілету жер-жаһандағы азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болмақ. Мұндай кезде дәл осы бағыттарға салынатын инвестицияны ұлғайту өте маңызды.
Экономика • 23 Тамыз, 2023
Экономиканың күрделі кезеңінде жылдар бойы ескерілмей келген салаларды қайта құрылымдау қиынға түсетінін, алдағы дамуды сол ескерілмей келген салалар тежейтінін сарапшылар талай рет ескерткен-ді.
Қоғам • 23 Тамыз, 2023
Қартаю үдерісі: Азия-Тынық мұхит есебі 2022
БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық-әлеуметтік комиссияның (Economic and Social Commission for Asia and the Pacific, ESCAP) 2022 жылдың «Қартаю жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарын Төртінші қарауы және бағалау бойынша Азия-Тынық мұхиты үкіметаралық кездесуінің» қорытындысы негізінде арнайы есебі дайындалды. Құжатта Орталық Азия елдеріндегі көрсеткіштер де қамтылған. Зерттеу ESCAP мүшелері мен қауымдастырылған қатысушылар қатысқан сауалнама жауабын, азаматтық қоғам ұйымдарының талқылауын және үкіметаралық отырыста қабылданған есеп пен қорытынды құжаттарды қамтиды.
Құқық • 23 Тамыз, 2023
Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күнін» оқыған боларсыз. Шығарма тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың бейнесімен байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр тереңінен қопарып көрсетеді. Оқиға барысында жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсеткен Ақан секілді қатыгез, жауыз болыстың айуандық бет-пердесі ашылады. Қорлыққа жаны төзбеген Ғазизаның әкесінің моласына барып, боранға ұрынып, үсіп өлуінің себебін жазушы шебер суреттейді. Сол қорғансыздың күйін кешкен Ғазизаның бейнесі біздің қоғамда да бар...