Аймақтар • 22 Тамыз, 2023
Тұрғын үй комбинаты іске қосылды
Қызылордада үй құрылысы комбинаты ашылды. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа өндіріс өңір дамуына леп қосатынын атап өтті.
Шаруашылық • 22 Тамыз, 2023
Абай облысы Жарма ауданы аумағымен өтетін жолға түскен адамның назарына жайқалған күнбағыс егістігі бірден түседі. Құдды осынау ұлан-ғайыр алқаптан алтын шапақ төгіліп, арбап тұрғандай әсер қалдырады. «Жақсыны көрмекке» деген ниетпен иелігіне алған жерді игілігіне ұқсатқан азаматтың кім екенін білуге тырыстық.
Футбол • 22 Тамыз, 2023
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қыркүйек айында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде өнер көрсететін ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Көрме • 22 Тамыз, 2023
Кеншілер тағдырына арналған көрме
«Қазақстан» шахтасындағы қайғы дүйім елдің қабырғасын қайыстырды. Қарағандыдағы «Алтын ғасыр» галереясында таяуда аталған шахтада қаза болған бес кеншіні еске алуға арналған «Жер астындағы сансыз метр...» деген атаумен көрме ашылды.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2023
Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жайдарман» командалары арасында «Жазғы кубок-2023» додасы өтті. Бұл жолы командалар Қайрат Рысқұлбеков атындағы орталық саябақта, ашық аспан астында өнер көрсетіп, астарлы әзілдерімен жиналған жұртты бір серпілтіп тастады.