Руханият • 26 Тамыз, 2020
Адамзат атаулы бір ғана вирустың қауызында ауа қармап қалған мына заманда тойшылдыққа ойшылдықпен қараудың жөні бар. «Қырықтың бірі Қыдыр» деп түйсінген көне түріктерден тамыр тартқан ақ дастарқаннан дәм татқызу, алқа-қотан отыра қуанышты бөлісу – берік дәстүріміз.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Солтүстікқазақстандықтар белсенді
Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова журналистерге арналған брифингте праймериз басталған алғашқы 4 күнде солтүстікқазақстандық 400-ден астам адам оған қатысуға ниет білдіргенін жеткізді.
Пікір • 26 Тамыз, 2020
Ысырапшылдықты доғаратын кез келді
Қазақ елі қай кезде де той тойлағанды, тойға барғанды жақсы көрген ғой. Бүгінге дейін «бар тапқанымызды тойға шашып» келдік. Енді бұрынғыдай шашылуды қазіргі пандемия жағдайы кешірмейді. Әлемді жаулаған індет жағадан алып тұрғанда, ел азаматтары вирусқа да қарамай той тойлап, арты қайғылы оқиғамен аяқталып жатқанын көзіміз көрді, құлағымыз естіді.
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
Қарттарға өтініш толтыруға көмектеседі
Бүгінде еріктілер қарт адамдарға әлеуметтік көмек алу үшін өтініш толтыруға көмектеседі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы еріктілерінің тұрақты қамқорлығында 150 зейнеткер бар. Алайда карантин кезінде көмекке мұқтаж қарттардың саны артты.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Жер – қазына, жер – ырыс, жер – береке!
Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сараланып айтылған маңызды мәселелердің бірі – халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс-тіршілігін барынша жақсарту. Президент әсіресе, халықты отандық өніммен қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, бұл туралы тиісті орындарға шұғыл тапсырмалар берді. Отандық өнім өндіру жолында 13 жылдан бері талмай ізденіп, қажырлы еңбек етіп келе жатқан үлкен ұжымның бірі Панфилов ауданындағы «Көктал-Агро» ЖШС.