Спорт • 23 Тамыз, 2019
Өткен жылы ұйымдастырылмақ болып, бірақ түрлі себептерге байланысты өтпей қалған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек ұзақ уақыт келіссөзден соң ақыры ымыраға келіп, араға жыл салып жекпе-жек өткізуге уағдаласты. Бұл туралы кеше екі боксшы да өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми түрде жариялады.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Мүсінші туған жердің төріне шықты
Халқымыз тұңғыштарының бірі – қазақ ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев болатын.
Руханият • 23 Тамыз, 2019
М. Өтемісұлының 215 жылдығына арналған күй-кеші өтеді
Нұр-Сұлтан қалалық Мемлекеттік академиялық филармониясы жанындағы Қазақ оркестрінің ХХIII концерттік маусымы батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының 215 жылдығына арналған «Қайран, Нарын» күй-кешімен ашылмақ.
Руханият • 23 Тамыз, 2019
Өнер әкенің қанымен, ананың сүтімен дариды
Кез келген музыкалық шығарманың мән-мазмұнын жан дүниесімен ұғынып, құрақтай сыңғырлатып, бұлақтай мөлдіретіп рухани азығыңызға айналдырар тұлғаға туған халқының қашанда сүйіспеншілігі мен құрметі шексіз болмақ. Ән әлеміндегі нәзік үнді сипатымен халықаралық бәйгелерде топ жарып жүрген сондай дарын иесі – Шымкенттегі облыстық опера және балет театрының жетекші солисі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова. Ұлттық опера өнерінде ол сомдаған Қамар, Жібек, Сара, Ажар, Жансұлу рөлдері, әлемдік опера жауһарларынан Татьяна, Виолетта, Джильда, Недда, Микаэла бейнелері шынайылығымен, көркемдігімен жанды баурайды.
Руханият • 23 Тамыз, 2019
Абайды жатқа оқитын қыз (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақтан қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңін оқу эстафетасын қабылдап, жалғастырғаны сол еді, өзгелер де челленджге жаппай атсалысып жатыр. Бұдан Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те қалыс қалған жоқ. Ол да ақын шығармасынан үзінді оқып, эстафета тізгінін Татьяна Ситникова есімді бойжеткенге жолдаған болатын. Хош.