Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Қоңыр әулие үңгірінің шырақшысы, әрі Баянауыл ұлттық паркінің инспекторы Алтынбек Құрмановтың айтуынша, үңгір – еліміздің киелі орындар тізбесіне енген өңірдегі 5 нысанның бірі. Шырақшы үңгірге сәуір айында келіп, күздің суығы түскенге дейін туристерді күтіп, оларды үңгір шежіресімен, Баянауылдың таңғажайып табиғат кереметімен таныстырады.
Қоғам • 23 Тамыз, 2019
Туризмді дамытуға ұлттық компаниялар дайын ба?
Алакөлге (Үржар жағы) 4-5 жылдан бері келмеп едік, үлкен өзгерістер бар екен. Біз жағалаудан 20 метрдей ғана қашықтықта орналасқан «Лазурный берег» аталатын демалыс үйіне түстік. Екі қабаттан салынған демалыс үйінің үш корпусында кемінде 70-80 адам демалуда. Олардың тамақтануына арналып, үлкен асхана салынған. Қызмет көрсетушілер жағы туристердің көңілін қайтсек табамыз дегендей жүгіріп еңбек етуде. Бәрі де инабатты, мәдениетті қазақтың қаракөз жастары. Демалыс үйінің басшысы Бауыржан деген кәсіпкердің өзін көрмесек те, мұндағы жұмысты жолға қоюына қарап, іскер азамат екендігін байқадық.
Руханият • 23 Тамыз, 2019
Мен Орынбекті бұрыннан білетінмін. Жуырда менің қолыма оның соңғы кітабы тиді. Автордың 70 жылдығына орай шыққан мақалалар мен сұхбаттардан, арнаулардан тұратын «Жолдас болсаң, жақсымен...» (Астана, «Фолиант», 530 бет, 2019) деген тақырыптағы көлемді еңбек екен. Қаламгердің қаламынан шыққан туындылар «Келбет», «Жаназық», «Сәті түскен сұхбат», «Арнаулар» тарауларына топтастырылып, соңына «Достар лебізі» беріліпті. Кітаппен танысу барысында менің көз алдымда оның қарапайым да кішіпейіл, ізетті де иманды тұлғасы парасат биігіне жоғарылай берді.
Руханият • 23 Тамыз, 2019
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ, әуел бастан...
Қазақ елі ойшыл хәкім Абайдың әдеби мұрасын танып-білуіне 125 жыл толып отыр. Аз уақыт емес, ғасырдан астам мерзімді қамтиды екен. Осы аралықта абайтану тарихының үш кезеңін бастан өткізіппіз. Әуелі абайтану тарихының «Мұхтар Әуезовке дейінгі зерттелу тарихында (1889-1834)» Абайды танытудағы Алаш арыстары халықтық таным тұрғысынан мақала-зерттеулері арқылы насихаттау әркеттері дұрыс жолға түсіп еді. Бірақ кеңестік билік тұсында 1923 жылы Сәбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!» деген аты-шулы мақаласынан басталған тұрпайы социологиялық, компоративистік, формалистік танымдағы идеялық саяси шабуылдар қараборандатып ушығып тұрды. Бұлар тіпті ұлы ақын мұрасын терістеп, әдеби мұра ретінде мансұқтауға дейін барды. Мысалы, «Әдебиет майданы» журналының 1934 жылғы тұтас бір саны түгелдей Абай туралы зерттеулерге арналды. Мақаласы жарияланған авторлардың басым көпшілігі Абай мұрасын тұрпайы социологиялық, компоративистік, формалистік тұрғыдан теріс танытып, Абайдың әдеби мұрасы таптық, саяси-әлеуметтік тегіне қарай бағаланып жатты.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Киелі жерлер мекені – көне тарих кешегі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан кейін сырға тұнып, тарихқа бөгіп жатқан көне көмбенің қақпағы ашылып, замандастарымыздың рухани әлеміне олжа болып оралды.