Аймақтар • 23 Тамыз, 2022
Шымкент медициналық туризм орталығына айналып келеді
«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Басты мақсат – медицина саласын жоғары деңгейге көтеру. Осы бағытқа орай қазіргі таңда көптеген жаңа медициналық ұйым бой көтеруде. Салынып жатқан емдеу мекемелері халық тығыз қоныстанған елді мекендер ішінде орналасқан. Өйткені Ұлттық жоба талабы бойынша халыққа медициналық қызмет біріншіден, сапалы, екіншіден, жақын жерде болуға тиіс.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2022
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Премьер-министрі Ұзақбай Қарамановтың тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей береді. Ұзақбай Қарамановтың тарихтағы орны талассыз – Қазақстан тәуелсіздігін жариялауға дайындалған тұста республика үкіметін басқарды. Ең қиын кезде Алтай мен Атырау арасындағы елдің барлық шаруашылығына жауап берді. Өнеркәсіп, ауыл, қаржы, құрылыс, көлік, әлеуметтік және мәдени саланың бәріне басшылық жасады. Сол тұста тұрғындарды күнделікті тауардан тарықтырмау мен аштыққа ұшыратпау аса күрделі мәселе еді.
Абай • 23 Тамыз, 2022
Абайдың әр сөзінің құны мен құты ғылыми айналымға түскелі де талай онжылдықтар өтті. Абайтанудың іргелі зерттеу бағыттары орныға бастаған ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде-ақ Абай сөзінің тарихи-поэтикалық тұғырларына айрықша ден қойылды.
Руханият • 23 Тамыз, 2022
Идеялық тереңдік пен көркемдік мұрат
Қазіргі қазақ көркемөнерінде ұлттық көркем дәстүрлерді терең меңгерген, тәуелсіздік рухынан нәр алған жас суретшілердің алғашқы буыны да кемелдену кезеңіне келді. Бұл өзі қазақ кескіндемесінің қатарына жаңа қуатты толқын қосылған шақ, олар бүгінде үлкен күшке айналған. Сол дүбірлі уақыттың алдыңғы легінде, аға буынға да, орта буынға да бірдей ықпал еткен, қазақ көркемөнеріне шығармашылық қуатымен ұйытқы болып, тыңнан жол бастаған Қазақбай Әжібек – заманауи қазақ өнерінің алапасын асырып, дүйім әлемге танытқан шығармашылық феномен.
Өнер • 23 Тамыз, 2022
Кейде картинаға қарап тұрып, эстетикалық ләззат аласың. Көркемдігінен – толқындай тоғысқан бояулардың үйлесімінен. Ал кей картинаға жаныңды тыныштандыру үшін, көз демалдыру үшін қарайсың. Одан бөлек, адамды терең ойға, түсініксіз бір мекенге жетелейтін суреттер де болады. Бір қарағанда, мағынасыз сияқты, бірақ тұңғиығына көзің жетпейді. Тұнған философия. Сондай өнер туындыларының бірі – Казимир Малевичтің «Қара шаршысы».