Өнер • 23 Тамыз, 2022
Ол сурет салуды бесінші сыныптан бастаған екен. Әрине, талантқа талас жүрмейтіні шындық. Алғашында балаң қиялмен әртүрлі дүниелерді ақ қағазға шимайлай бастаған оның өнерге деген аңсары мен ынтасы барған сайын айқындала бастайды. Оның аты – Хамит Файзуллин. Тіпті ол өзінен үлкен сыныпта оқитындармен жарысып сурет салып, олармен бәсекеге түседі. Өнерге шын пейілімен берілген адамда ғана мұндай риясыз ой, қабілет болатыны сөзсіз.
Сұхбат • 23 Тамыз, 2022
Данабек Қалиаждаров: ІТ-білімді дамытпай, көшке ілесе алмаймыз
Біреу білер, біреу білмес, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің базасында Alem School мектебі жұмыс істейді. Бағдарламалаушылар даярлайтын білім ордасы дәстүрлі мектептерге мүлдем ұқсамайды. Мұнда мұғалім жоқ, баға қойылмайды, диплом берілмейді. Бірақ білікті мамандарды даярлауда озық тәжірибеге ие. Ең бастысы, оқу – тегін. Бір өзі бір университеттің жұмысын атқарып отыр десе де болады. Біз аталған мектептің жетекшісі, отандық ІТ-саласының білікті сарапшысы Данабек Қалиаждаровпен әңгімелескен едік.
Спорт • 23 Тамыз, 2022
29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте АҚШ-тың ашық біріншілігі басталады. «Үлкен дулыға» санатындағы бұл турнирге әлемнің барлық мықты теннисшісі қатысады деп күтілуде. Солардың арасында АТР мен WTA рейтингтерінде үздік бестіктің қатарында жүрген Даниил Медведев (Ресей), Александр Зверев (Германия), Рафаэль Надаль мен Карлос Алькарас (Испания), Новак Джокович (Сербия), Ига Швентек (Польша), Анетт Контавейт (Эстония), Мария Саккари (Грекия), Паула Бадоса (Испания) және Онс Жабер (Мысыр) сынды мықты ойыншылар да бар.
Спорт • 23 Тамыз, 2022
Almaty Urban Fest 2022 фестивалі өтеді
27 тамызда Алматыда урбанисті және экстремалды спорт түрлерінен «Almaty Urban Fest 2022» спорт фестивалі басталады. Алғашында іріктеу турнирі өтсе, одан кейін гранд-финалды тамашалаймыз. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 17 қыркүйек күні белгілі болады.
Спорт • 23 Тамыз, 2022
Жерлестерімізден жеңіс күтеміз
Келесі жылдың 12-22 қаңтары аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтетін XXXI Дүниежүзілік қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы қай командалармен күш сынасатыны белгілі болды.