Оқиға • 23 Тамыз, 2024
Шекарада есірткі сатқандар ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестерімен бірлесіп, шекарада есірткі сатумен айналысқандарды қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 23 Тамыз, 2024
Жасанды интеллект білім сапасын жақсартады
Биылғы тамыз кеңесінің басты тақырыбы – «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім». Бес жүз мың ұстаздың басын қосқан жиынның мақсаты – білім саласына жасанды интеллект технологияларының озық үлгілерін енгізу. Пленарлық отырыс халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтті. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар», «Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау», «Ауыл мектептерінде оқыту үдерісін цифрландыру» сынды тақырыптар бойынша секциялық отырыстар өтіп, цифрлық көрме ұйымдастырылды.
Медицина • 23 Тамыз, 2024
Елімізде жаңа заң талабы бойынша дәрі-дәрмекті цифлық таңбалау басталды. Енді дәрілік заттар жүйелі жолмен есепке алынады. Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, бұл нарықтағы бағаны бақылауға мүмкіндік беріп, заңсыз сауданың жолын кеседі.
Шымкент • 23 Тамыз, 2024
Суретшілер одағының Шымкент қаласындағы филиалы төрағасы Әбдімүтәліп Ахметов мегаполисте суретшілердің еңбектеріне арналған музей болу керектігін айтады. Бұрынғы Фосфоршылар сарайы мамандардың сараптамалық қорытындысымен бұзылатын болды. Өнер иесі осы мәдениет сарайының орнына салынатын кешен шаһар суретшілерінің туындыларына арналған музей болуға тиіс деген идеясын ұсынды. Өйткені одақтың құрамында бүгінде жиырма шақты бейнелеу өнерінің майталмандары бар болса, олардың суреттері әрқайсысының үйінде сақтаулы. Музей туындылардың қалпын бұзбай, ұзақ уақыт сақталуына және ең көркем, бағалы картиналарды ұлт мұрасы ретінде өзімізде қалуына мүмкіндік берер еді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024
8-13 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына қатысатын командалар сайыс түрлерінен әзірлікті пысықтап жатыр. Этноспорт ойындарының бағдарламасына асық ату спорты да еніп, ұлттық ойынымыздан өтетін додаға 15 мемлекеттен команда келмек.