Әлем • 20 Қыркүйек, 2018
Кеше Пхеньян қаласында Сеул уақытымен таңертеңгі сағат 11-ден 20 минут кеткенде қос Корея арасында тарихи маңызды құжаттарға қол қойылды. Алғашқы болып екі елдің басшылары Мун Чже Ин мен Ким Чен Ын Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы әскери сала бойынша келісімге қол қою рәсімін бастады. Одан кейін олардың қатысуымен екі елдің қорғаныс министрлері мемлекет арасындағы маңызды әскери құжатқа қол қойды.
Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.
Өнер • 19 Қыркүйек, 2018
Атыраудағы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің жәдігерлері қойылды.
Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2018
Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, драматург, киносценарист, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Əкім Таразидың 85 жылдық мерейтойына арналған «ТАРАЗИ ТАҒЫЛЫМЫ» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның аясында «Әкім Тарази – кинодраматург. «Тұлпардың ізі»: сценарийден фильмге дейін» (авторы: кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі Нәзира Рахманқызы Мұқышева) және «Жазушы жаны. Әкім Тарази прозасындағы ұлт болмысы»» (авторы: ақын, журналист, өнертану ғылымдарының магистрі Ұларбек Нұрғалым) аты кітаптарының тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ұлттық өнер университетінің қолдауымен жарық көріп отырған кітаптар таразитанудың алғашқы қарлығаштары болып есептеледі.
Үкімет • 19 Қыркүйек, 2018
Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда
Қазақстан мен Гамбия Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) сияқты халықаралық және аймақтық құрылымдар арасында тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуда. Бұл туралы бүгін Астанада Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Гамбия Республикасының Сыртқы істер министрі Мамаду Тангарамен өткен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.