Үкімет • 19 Қыркүйек, 2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

160 реткөрсетілді

Қазақстан мен Гамбия Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) сияқты халықаралық және аймақтық құрылымдар арасында тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуда. Бұл туралы бүгін Астанада Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Гамбия Республикасының Сыртқы істер министрі Мамаду Тангарамен өткен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Африка елдері, соның ішінде Гамбиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беріп отырғаны атап өтілді. «Қазақстан Африкадағы үлкен әлеуетке ие процестерге қызығушылықпен қарап отыр. Біздің еліміз 2013 жылдан бері Африка Одағына байқаушы ел бола отырып, бұл ұйымның өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтеміз. Астана осы ұйыммен тиімді жұмыс байланыстарын орнатуға және оның мүшелерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі», - деді Қ. Әбдірахманов.

Гамбияның ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таратпау, қарусыздану, терроризмге қарсы тұру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсетуі атап өтілді. Оған қоса, бұл батысафрикалық мемлекет Қазақстанның 2017-2018 жж. арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде кандидатурасын қолдады, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты және ҚР Президентінің бастамасы болып саналатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Жарғысына қол қойып, оны ратификациялады.

ИЫҰ шеңберінде ынтымақтастық мәселелері жеке талқыланды. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы 2019 жылы Гамбияда өтетін ИЫҰ 14-ші саммитінің ұйымдастырылуын құптайтынын және қазақстандық делегация тиісті деңгейде қатысатындығын мәлімдеді.

Экономикалық саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау барысында Қ. Әбдірахманов Қазақстан энергетика, тау-кен өнеркәсібі, инфрақұрылым және туризм салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

ҰБТ-2019: қандай өзгеріс бар?

Қазақстан • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар