Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2019
Өзбекcтанда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум өтті
«Отандастар қоры» КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің, «Атамекен» ҰКП ССП-ның және Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының қолдауымен аталған елде тұратын іскер отандастармен бизнес-форум өткізді.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
Оралда есірткі қоймасы табылды
Орал қаласына қарасты Зачаганск кентінде «Восход» гараж кооперативіндегі гараждардың бірінен есірткі өсімдігін өсіріп, сақтауға арналған жертөле табылған. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 19 Қыркүйек, 2019
Қарағандыда «Сәкен» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
Кеншілер астанасында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс қарсаңында «Сәкен» кітабының тұсаукесері өтті. Нұр-Сұлтан қаласында жарық көрген құнды еңбекті құрастырушы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Аманжол Әлтаев.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2019
Рудныйда нұротандықтар мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты
Рудный қаласында «Nur Otan» партиясының «Индустриалық даму» бағытындағы аймақтық комиссия мүшелерінің көшпелі отырысы өтті. Партиялықтар мен мемлекеттік орган өкілдері бірқатар кәсіпорындарды аралап, индустриалық-инновациялық бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
Қостанайда полиция волонтерлері жұмыс істей бастады
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Волонтерлер полицияға көшелерді патрульдеуге, жоғалған адамдарды іздеуге, сондай-ақ алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмектесетін болады. Қостанай қаласы полиция басқармасының «Набережный» бекетінде 10 еріктіге арнайы кеудешелер мен куәліктер тапсырылды.