Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Елімен етене жақын араласып, кем-кетігін түгендеп, халқының батасын алған биліктің көсегесі көгеретіні, соның арқасында мемлекеттің де дәулеті артып, басқалармен бәсеке барысында оқ бойы озық болатыны бесенеден белгілі. Билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату әзірге Қазақ билігінің алдына қойған мұрат-мақсаты ғана...
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Кедендік құнды бақылау неліктен күшейтілді?
lsm.kz порталында «Қазақстандық кеденшілердің жұмыстарына кәсіпкерлер шағымданды» атты мақала жарияланған. Атап айтқанда, мақалада «кеденшілердің Қазақстанға импортталатын тауарлардың бағасын 18 есеге дейін көтеруі» туралы айтылады. Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.
Руханият • 24 Қыркүйек, 2020
Тарихы терең, шежіресі сан тарапты халқымыздың дәстүрі мен үлгі-өнегесі мол. Халқымыздың әрбір ырым-тыйымы мен жөн-жоралғысының астарында мән-мағына бар. Себебі ол ғасырлардан тамыр тартқан тектік қасиетімізде жатыр. Солардың бірі – бүгінде ұмытыла бастаған «Кіндік шеше» ұғымы.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2020
Тамақ өнімдерінен ГМО анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мамандары Оңтүстік Кореядан келген «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісінде және «Butter Соокіеѕ Danish Pride» түрік печеньесінің бір сынамасында зерттеу барысында ГМО мөлшерінің артқанын анықтады.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020
Киелі шаңырақтың табалдырығынан аттаған соң ата дәстүрмен сәлем бердік. Бейуақыттағы біздің даусымызды естіген құлыншақтар құлдырай жүгіріп алдымыздан шықты. Кісі жатырқамайды екен. Бірі жеңімізден тартып, сырт киімімізді шешуге көмектессе, екіншісі қолымыздан ұстап төрге жетеледі. Аумағы атшаптырым кең бөлменің іші құрқылтайдың ұясындай жып-жылы, тап-таза. Үлкен терезелерден күн сәулесі құйылып тұр. Күзгі шуақта аула ішінде асыр салып жүрген бір топ балдырған үйге қарай лап берді. Әп-сәтте кең бөлменің іші кәдімгідей қусырылып, бейне бір балалар бақшасына еніп кеткендей болдық. Амандық-саулықтан соң келген шаруамызды айттық. Облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылында бір шаңырақта қос батыр ана тұрады деп естігенбіз. Біз үшін таңсық тақырып. Қазіргі күні көпбалалы аналарды күндіз қолыңа шырақ алып іздеп таба алмайсың. Ал мұнда екі бірдей батыр ана сүттей ұйып, тату-тәтті тіршілік кешіп жатыр.