Экономика • 21 Қыркүйек, 2023
Пандемиялық дағдарыстан кейін әлемдік экономиканың қозғалтқышы жаңа күшпен іске қосылған еді, бірақ соңғы 1,5 жылда бұл кеңістікті бір белгісіздік жайлап алды. Батыс елдері мен Қытай арасындағы «мылтықсыз майданның» салдарынан алпауыт елдер экономикаға ақша салуды кейінге қалдырып, алыптар текетіресінің немен аяқталарын болжай алмай отыр.
Құрылыс • 21 Қыркүйек, 2023
Қаңтарылған құрылыс қашан қозғалады?
Басталуы басталғанымен, аяқсыз қалған құрылыс көп шығыста. Оған елдің еті әбден үйреніп кетті ме, елей бермейтін болған. Құрылысқа, жолға бөлінген қаржының қайда, қалай жұмсалғанын қадағалау әлсіз. Әйтеуір, басы – дардай істің аяғы – қылдай. Жуықта Марқакөл ауылындағы спорттық нысанның құрылысы да тұралап қалғанын айтып, жергілікті жұрт редакциямызға хабарласқан.
Есірткі • 21 Қыркүйек, 2023
Бүгінде әлемде есірткіге тәуелділер саны 23 пайызға өскен. Біріккен Ұлттар Ұйымының зерделеуінше, кейінгі он жылда тыйым салынған заттарды кем дегенде 300 миллион адам пайдаланады. Бірақ есірткіқұмарлықтан жаһан жұртшылығының әр бесінші азаматы ғана емделеді екен. Елімізде де көрсеткіш көңіл көншітпейді. Тек есепте тұрғандардың өзі 18 мыңнан асып жығылады. Өкінішке қарай, дені – жастар.
Білім • 21 Қыркүйек, 2023
Келесі жылы 296 мектеп салынады
Елімізде қазір жалпы 7 723 мектеп жұмыс істеп тұр. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйенсек, осыншама оқу ошағының 2 449-ы – қалаларда, 5 274-і ауылдарда орналасқан. Білім беру жүйесі дамыған елдерде оқушылар тек бір ауысымда оқиды. Қазақстанда әлі күнге апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешілген жоқ. Бұл үшін қанша мектеп салынбақ?
Тәрбие • 21 Қыркүйек, 2023
Тәрбие тәртіппен ғана шектелмейді
Абайдың «Толық адам» ілімі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттермен айқындап берген «Толық адам» тұжырымдамасы шындап келгенде өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек.