Пікір • 20 Қыркүйек, 2024
Бүгінде өмірімізді ақпараттық технологияларсыз елестете алмайтынымыз белгілі. Тіпті адам баласы әлмисақтан әлеуметтік желілерге кіндігі байланып қалғандай күйге жеттік. Замана игілігі кейде әлін білмегеннің беліндегі шоқпар, есі кірмеген баланың қолындағы өткір пышақтай қорқынышты. Кибералаяқтар ақпараттық технологиялардың арқасында оңай байлыққа кенеліп, талай адам жиған-тергенінен әп-сәтте айырылып отырған жағдайы бар. Ақшадан айырылған бір бөлек те, ал абыройдан айы рылғанның орны қалай толмақ?
Оқиға • 20 Қыркүйек, 2024
Абай ауданындағы шахтада жұмысшы қаза тапты
Абай ауданындағы Орлов шахтасында тау жынысы опырылып, салдарынан кәсіпорынның қызметкері қаза тауып, тағы біріне медициналық көмек көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2024
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында 8 отбасы баспаналы болып, аудан орталығындағы спорт кешені мен Қайыңды ауылындағы мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қуанышты жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
Құқық • 20 Қыркүйек, 2024
Құқықтық сауат тұтыну мәдениетін көтереді
Тұтынушылар құқының бұзылу фактілеріне қатысты шағымдар азаяр емес. Өтініштердің негізгі үлесі бөлшек және электронды сауда саласындағы сапасыз көрсетілетін қызметтерге тиесілі. Жыл басынан бері Алматы қалалық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне тұрғындардан 6 мыңнан аса өтініш жолданып, жауапсыз кәсіпкерлерден жапа шеккендерге 303 млн теңге қайтарылған.
Бизнес • 20 Қыркүйек, 2024
Бизнеске 12,6 трлн теңге керек
Алматыда өткен дәстүрлі FCBK халықаралық конференциясында бизнесті әртараптандыру мүмкіндіктері, деректер базасының деңгейін көтеру қажеттігі талқыланды. Осы жиынды ұйымдастырып отырған Бірінші несие бюросы базасында деректер хабын құру туралы да сөз болды.