Экономика • 20 Қыркүйек, 2024
Көшбасшылар дағдарысқа алып келетін қиындықтарды қалай жеңеді? Сарапшы жауабы
Жаһандық белгісіздік және ұдайы өзгерістер жағдайында дағдарыстық басқару заманауи көшбасшылар үшін маңызды дағдыға айналып келеді. Зерттеу дерегінше, дағдарыстарға дайындалған көшбасшысы бар компаниялар экономиканың құлдырауы немесе пандемия сияқты дағдарыстарға өзгелерге қарағанда 2,5 есе тұрақтылық танытып, сәтті қалпына келе білген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Оқу бағдарламалары заман талабына қарай жаңартылып отыруға тиіс. Бұл қандай талап болуы мүмкін? Білім сарапшылары, сыншылары, баласының біліміне бейжай қарамайтын ата-аналар оқушылар мен студенттердің өмірлік қарапайым дағдыларды меңгеруі керек екенін, соған сай оқу бағдарламасы қайта қаралуы қажеттігін арагідік айтып жүр. Міне, осы ой ескерілді ме, биылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымына «қауіпсіздік сабағы» деп аталатын жаңа пән енгізілді.
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Алматыда мектеп асханаларындағы тамақтану сапасын бақылайтын комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Олимпиада • 20 Қыркүйек, 2024
Египеттің Александрия қаласында өткен IOI-2024 халықаралық информатика олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы төрт медальмен толықты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл білім бәйгесі биыл отыз алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Дүниежүзілік информатика сайысына осы жылы 96 елден 350 оқушы қатысып, бақ сынаған. Ел намысын қорғаған біздің оқушыларымыз үш күміс пен бір қола медальға қол жеткізіп, жүз пайыз нәтиже көрсетті.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2024
Қазақ-Британ техникалық университетінде Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйытқы болуымен Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан ғылымының қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, ҰҒА академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының басшылары, еліміздің және шетелдің жетекші ғалымдары, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға белсене атсалысатын жас ғалымдар қатысып, ғылымды дамыту мен жас мамандар әлеуетін арттыруға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.