Қаржы • 24 Қыркүйек, 2020
18 қаржы пирамидасы әшкереленді
Биыл Қазақстанда қаржы пирамидаларына қатысты 37 қылмыстық іс қозғалып, 18 ұйымның заңсыз қызметі әшкереленді. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Ерден Жұма айтты.
Абай • 24 Қыркүйек, 2020
Ақын аудармасындағы артықшылықтар
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» – бұл Абай жасаған аударма. Авторы бұрын Лермонтов саналып, кейін Крылов деп түзетіліпті. Ал интернеттен қарасам, «слова Р. Левенштейна, перевод с немецкого В.Крылова» деп жүр.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Әкім есебі: Өтіріктің ұяты, халықтың обалы кімге?
Аңғарғаным – өткен шақ туралы жеңіл айтып, әдемі сөйлеу оңай, әсіресе әкімдерге. Болашақта атқарылуы тиіс, тіпті міндетті жұмыстарды «күтіледі, межеленген, іске асып жатса» деп біту-бітпеуіне өзге түгіл өздері дүдәмал көңілде сүйкей салды сөз саптайтын әкімдердің есептеріне қарасаңыз – «біткен істің міні жоқ, бітірген ердің кемі жоқ». Алайда құйрығы бір-ақ тұтам болып келетін өтірік ақиқаттың айбарына шыдамай қыңсылай қашып, мінсіз есептің абыройын айрандай төккеніне куә болдық.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2020
Жемқорлыққа қарсы реформалар талқыланды
Алик Шпекбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рубем Антонио Корреа Барбозамен кездесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформаларды талқылады. Кездесу барысында саяси жаңғыртуға, парламентаризмді дамыту мен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аударылды.
Үкімет • 24 Қыркүйек, 2020
Қоғамдық бақылаудың мәні жоғары
Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.