Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Технологиялық тұрақтылық талқыланды
Қазақстан мен Ресейдің жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Аталған талқылау Ресей Федерациясының Түмен қаласында өткен TNF–2024 өнеркәсіп және энергетика форумы аясында ұйымдастырылған. Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысты.
Университет • 20 Қыркүйек, 2024
Су саласының басты университеті
Кейінгі жылдары жоғары білікті су мамандарының тапшылығы айқын сезілгені анық. Осындайда Әулиеата жеріндегі байырғы гидромелиоративтік-құрылыс институты ойға оралады. Су және ауыл шаруашылығына қажетті инженер-гидротехниктердің дені 1962 жылдан бастап жұмыс істеген Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында тәлім алғаны мәлім.
Digital • 20 Қыркүйек, 2024
Мобильді қосымша жасаған оқушы
Ақтөбе қаласындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектептің 7-сынып оқушысы Даниял Құрманғали Ахмет Байтұрсынұлы туралы толыққанды мағлұмат беретін мобильді қосымша әзірледі.
Ғылым • 20 Қыркүйек, 2024
Генетикалық аурулар адамзат қалыптасқан кезеңнен белгілі. Тіпті, осы заманның да өзекті мәселесіне айналды десек те артық болмас. Тұқым қуалаушылық сипатындағы бұл дертті қарапайым медицинада емдеу ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан ғалымдар бұл істі жеңілдету үшін жасанды интеллектінің көмегіне жүгінді.
Digital • 20 Қыркүйек, 2024
Ұлыбританияда өткен «The PIEoneer Awards» байқауында отандық «CodiPlay» жобасы «Digital Innovation of the Year» номинациясында үздік атанды. Аталған стартап мектеп оқушыларының IT сауатын жетілдіруге маманданған. Мобильді ойындар арқылы, нақтырақ айтсақ «Maker Education» және «STEAM» принциптері көмегімен он сегіз жасқа дейінгі балаларды бағдарламалау тілдеріне үйрететін қосымша қазір әлемнің 13 елінде қолданылады.