Оқиға • 24 Қыркүйек, 2020
Солтүстікқазақстандық полицейлер өңірдегі орман, су алқаптарына профилактикалық рейдтерді аңшылық маусымы басталған 5 қыркүйектен бері жалғастырып келеді. Онда аң-құсты заңсыз ату ғана емес, отты қаруды сақтау және тасымалдау қағидалары, өрт және жеке қауіпсіздік техникасын сақтау, аңшылық құжаттарының бар-жоғы және тағы басқа тексеріледі. Отты қаруды белгіленген нұсқамаға сәйкес сақтамау – аңшының өзі мен маңайындағы адамдарға қауіп тудырады.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Шетпеліктер неге шырылдап жүр?!
Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылында қазір экологиялық мәселе ушығып тұр. Батысы мен шығысынан қаптаған карьерлер, солтүстігінен әу баста ауыл тұрғындары үшін салынған, қазір мұнай мекемелерінің де қалдық сулары құйылатын қауіпті кәріз суы орны, оңтүстігінен цемент зауыты ауылдың күнін бір уыс қылғандай қысып, экологиясын бірнеше жыл бойы бүлдірудей-ақ бүлдіріп келеді.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Пробация қызметкерлері мен есептегі азаматтар қан тапсыру акциясына қатысты.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ауылдың әлеуетін толық пайдалану – стратегиялық маңызы бар мәселе екені айтылды. «Ауылдағы мейлінше өзекті мәселелерді шешуге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасатын болады» деді Мемлекет басшысы. Жолдаудан ескен жылы лепке ауыл қазағы түгілі, қаланың қазағы да қуанып, кәдімгідей серпіліп қалды. Айналасы отыз жылдан бергі уақыт ішінде шаруасын шаһарға көшірген көп қазақтың көңілі әлі күнге дейін ауылға ауып тұрады. Өйткені тамыры сонда жатыр. Сондықтан қазақ ауылдың ішінде жүрмесе де, ауыл қазақтың түсінде жүреді.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020
Диқандар дәнді дақыл оруды аяқтады
Жетісу өңірінде күзгі жиын-терін жұмысы қарқынды жүріп, өнімнің негізгі бөлігін жинау аяқталуға жақындады. Жалпы, биыл облыс диқандары 968,6 мың гектарға егілген дәнді дақылдардан өнім жинауы тиіс. Болжам бойынша орылған дәннің өнімділігі көңіл қуантарлықтай екен.