Спорт • 18 Қыркүйек, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының грек-рим стиліндегі балуандар белдесуі кеше аяқталды. Олимпиадалық 6 салмақ (60, 67, 77, 87, 97, 130 кило) және лицензиясыз 4 салмақ (55, 63, 72, 82 кило) бойынша бақ сынаған әлем мықтылары 36 жолдаманы сарапқа салды.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
Елімізде Иран-Қазақстан экономикалық зерттеулер орталығы ашылды. Орталық 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ирандағы Алламе Табатабаи мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында қолға алынған. Жаңа орталыққа 973-1048 жылдары өмір сүрген, Арал теңізінің жағасында астрономиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшеріне дәлме-дәл анықтама жасаған ортаазиялық энциклопедист-ғалым Абу-Райхан әл-Бирунидің есімі берілді.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2019
Бір ғасыр тарих үшін қас-қағымдай уақыт болса да басылымға аз мерзім емес. Алмағайып жылдар көрігінде кіндігін кесіп, «Еңбекші қазақ» аталып, балға мен төс арасында жаншылып қалмай шыңдалған газет әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың қара қазанында қайнап, шарболаттай шыңдалды, шымыр шынықты. Одан тәй-тәй басқан жаңа жүйенің жүрек лүпілі естіліп, тарсылдап соғылған бесжылдықтар балғасының дүрсілі келеді.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2019
– Мен «Егемен Қазақстанның» 67 жылдан бергі тұрақты оқырманымын, – деп бастады өзінің сөзін жуырда ғана 95 жасқа толып, облыс ардақтап, Солтүстік Қазақстанның Құрметті азаматы атағын берген Сапар Дүйсенов ақсақал.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2019
«Еңбекші қазақ» Ілиястың бағын ашқан
Ілияс Жансүгірұлы «журналист» мамандығы бойынша білім алған алғашқы қазақ баласы. 1925 – 1928 жылдары Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Журналистика институтында оқыған. Өлеңсөздің жүйрігі болған өр ақынның 125 жылдық мерейтойы аясында халықаралық «Ілияс ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Мәскеу қаласында болды.