Президент • 18 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейін өз байламымызды, өз тұжырымымызды ортаға салып, «Эволюциялық жол қоғамның, халықаралық саясаттың тамыр бүлкілін терең білетін, уәдесіне берік, сертіне адал Президенттің арқасында жүзеге асатыны сөзсіз. Ендеше, Қасым-Жомарт Кемелұлының «халқы үшін берген сертіне» елінің сенімі серік болсын!» деп жазған болатынбыз («Egemen Qazaqstan», 24 маусым, 2019 жыл).
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019
Игілік өткенге бас июден басталады
Ел ішінде өткеніңмен мақтана бергенше, ертеңгі күніңнің қамын жасаған әлдеқайда қайырлы болмақ деген есті пікірді естіп қалып жүреміз. Дегенмен, бағзы заманда бабаларыңның кім болғанын, олар құрған қағанаттар пен хандықтардың өркениет өлкесінде қандай орын алғанын білуге деген құштарлықты қалайша тұншықтырып қоюға болады?!
Саясат • 18 Қыркүйек, 2019
Көп мәселе кешенді түрде қаралды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында өмірімізде айқын байқалып отырған өзекті мәселелер көтерілді. Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуымыз ең алдымен білім мен ғылым саласын дамытуымызға байланысты болмақ.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы жиырма төрт жыл бойы елімізде тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруға жұмыс істеумен қатар, Қазақстанды демократиялық, құқықтық мемлекет деңгейіне көтеруге негіз болды. Аталған Конституция Елбасының тегеуріні мен пәрменінің арқасында өмірге жолдама алған болатын. Өйткені, сол кезеңде әлі де болса кеңес билігін аңсайтындар баршылық еді. Ал Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Конституциясы тек қана өтпелі кезеңнің конституциясы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар әлі де болса санасы серпіле қоймаған қоғам мүшелерінің кеңестік қалыптасқан дағдыларының нақты болмысын көрсеткен еді. Сондықтан да ол Конституцияның ғұмыры ұзақ болмады. Осы жағдайды саралай білген Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа Конституцияның қажеттілігін көрегендікпен аңғарып, жаңа Конституцияны қабылдауда бастамашы болды.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019
Марат Тәжин Вьетнам Коммунистік партиясының хатшысы Во Ван Тхыонгпен кездесті
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Вьетнам Коммунистік партиясының хатшысы Во Ван Тхыонгпен кездесті.