Экономика • 21 Қыркүйек, 2022
Көлік-логистика мүмкіндіктері кеңейеді
Алматыда «Жаңа Жібек жолы» V (NEW SILK WAY) Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы өз жұмысын бастады. Көлік апталығы аясында ұйымдастырылған алқалы басқосуға 14 елден 350-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында қазақстандық және шетелдік салалық министрлік басшылары, жетекші көлік және тасымалдау саласындағы компания өкілдері мен сарапшылар бар.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2022
Жалпы, Жетісу өңірінің егіншілік саласында көші ілгері. Биылдың өзінде 80 мың гектарға жуық алқапқа жүгері егілді. Соның 26 мың гектардан астамы соңғы 60 жыл ауқымында жүгеріні жетекші дақыл ретінде баптап келген Жаркент өңірі егіншілерінің еншісінде. Сондықтан болар соңғы жылдары егін жинау науқанының алдында облыс жүгерішілерінің басым бөлігі Жаркент өңіріне жиналып, алқалы кеңес құрып жүр.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Қыс кезеңіне жан-жақты дайындық
Шымкент қаласының іргесіндегі елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Коммуналдық мәселелердің шешімін табуына мегаполистің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 2025 жылға дейінгі қаланың даму жоспары оң септігін тигізуде. Оның үстіне республиканың үшінші қаласы атанған Шымкентті заман талабына сай үлкен мегаполис ретінде көркейту бүгінгі басты міндетке айналып отыр. Осыған байланысты қала билігі қазіргі таңда барлық күш-қайратты шаһардың инфрақұрылымын жақсартуға жұмсап жатыр.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022
Еуропа елдерінен ерекшелігіміз ескерілсе...
Қазақ елі дүние жүзіндегі тоғызыншы территорияны еншілеп отыр. Ұшқан құстың қанаты талатын кең-байтақ жерімізге Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания, Аустрия, Нидерланд, Жапония елдері бірге сыйып кетеді екен. Бұл – Қазақстанның Еуропа мемлекеттерінен басты ерекшелігі. Алайда осы маңызды ерекшелік еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарларын айқындау кезінде кейде жете ескерілмей, еуропалық стандарттарды жөнді-жөнсіз тықпалаудың аяғы өкінішті салдарларға әкеліп соғып жатады.
Медицина • 21 Қыркүйек, 2022
МӘМС жүйесін жетілдірудің маңызы
Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын ақылы түрде қолжетімді болған медициналық қызметтерді ала алады. 2022 жылдың 7 айында Медициналық сақтандыру қоры салалық мамандардың 95 млн кеңесі мен диагностикалық тексерулер, соның ішінде қымбат тексерулер – КТ, МРТ, ПЭТ, 12,6 мың қымбат тұратын операциялар, оның ішінде шамамен 4 мың ЭКҰ қызметін көрсеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев мәлімдеді.