Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2022
Томохико Уяма: Алаш Жапониядан халықаралық деңгейде мойындауды сұраған
Жапонияның Хоккайдо университетінің Славян-Еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры Томохико Уяма мен тарихшы Рёсукэ Оно жыл басында «Алаш» партиясының мүшесі Райымжан Мәрсекұлының Жапония үкіметіне жолдаған хатына талдау жүргізгені туралы ақжолтай хабар ел ішін аралап, қазақ пен жапон арасын жақындата түскен болатын. Жуырда Алматыға іссапарлап келген Томохико Уямамен кездесіп, осы тақырып төңірегінде кеңірек айтып беруін өтінген едік.
Таным • 21 Қыркүйек, 2022
Поль Лаббе: Қазақ даласының қайталанбас суреттері
Қоржынымызға түсіп отырған кезекті тарихи суреттер топтамасы осыдан 125 жыл бұрын Қазақ даласында түсіріліпті. Ақ-қара бейнедегі 47 фотосурет бізге өткен замандағы халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық ортасын, ұлттық ерекшелігін білдіреді. Аталған топтаманы аппарат көзіне түсіріп, өз мұрағатында сақтаған, сосын кітабында жариялаған жиһанкездің есімі Поль Лаббе.
Экология • 21 Қыркүйек, 2022
Елімізде атмосфералық ауасы ластанған 10 қала бар. Соның бірі – Атырау шаһары. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің пікіріне сүйенсек, ластанудың басты себептері – жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құрудың болмауы, сондай-ақ көмірді пайдалану. Шындығын айтқанда, тек мұнайлы шаһар ғана емес, бұл өңірдің аудандарында да табиғатқа қарсы қолдан жасалатын тағылық азаяр емес.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Ғарыш мониторингінің мүмкіндігі мол
«Бүгінде ғарыш мониторингі нәтижесінде облысымызда пайдаланылмай жатқан 857 мың га жер бар екені анықталды, соның 42,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, 438,6 гектары ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Сол сияқты өңірдің әр қиырынан белгіленбеген жерге қоқыс төгілген 154 орын анықталды, соның 109-ы жойылды». Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасы, белгілі ұшқыш Айдын Айымбетовпен кездесуде осылай деді.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022
Көкейдегі көп мәселе қозғалған құжат
Елдің саяси-экономикалық дамуына енжар қарамайтын кез келген адам Жолдауды үмітпен күтетіні анық.