Спорт • 21 Қыркүйек, 2022
Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі
Кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуіне оның әлеуметтік-экономикалық дамуы және саяси тұрақтылығы оң әсерін тигізетіні түсінікті. Осы орайда халықтың денсаулығы да өте маңызды рөл ойнайды. Өйткені мемлекеттің алға қойған мақсат-мүддесін, стратегиялық жоспарларын іске асыратын сол елдің азаматтары. Демек ол міндетті орындау үшін бірінші кезекте ұлттың саулығы қажет. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ең алдымен бұқаралық спорт пен спорттық инфрақұрылымды дамыту керек. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында талай мәрте айтып, осы бойынша Үкіметке тиісті тапсырмалар берген-ді.
Ахмет Байтұрсынұлы • 21 Қыркүйек, 2022
Жарық жұлдыздар ешқашан сөнбейді
Қазақ халқында текті туған, ғұмырын ізгілікке арнап, ел дамуы жолында атсалысқан азаматтар баршылық. Солардың арасында шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы десек, артық айтпағанымыз болар.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2022
Аңыз ойыншылар кортпен қоштасты
Жуырда Нью-Йоркте АҚШ-тың ашық біріншілігі өтіп жатқан кезде жасы 41-ге таяп қалған атақты теннисші Серена Уильямс үлкен спортпен қоштасатынын ресми түрде жариялады. Өткен аптада Швейцарияның мақтанышы Роджер Федерер де дәл сондай мәлімдеме жасады. Ал аттары аңызға айналған сол саңлақтар жайында біз не білеміз? Оларды ұтқан қазақстандықтар бар ма? Бүгін осы тақырыптың төңірегінде әңгіме өрбітуді жөн көріп отырмыз.
Бокс • 21 Қыркүйек, 2022
Бокс жанкүйерлері 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында ұйымдастырылатын төрт жылдықтың басты додасында былғары қолғап шеберлерінің өнерін тамашалай алмауы мүмкін. Себебі Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) аталған спорт түрін алты жылдан кейін мұхиттың арғы бетінде жалауы желбірейтін Олимпиада бағдарламасына енгізген жоқ.
Ең қысқа әңгіме • 21 Қыркүйек, 2022
Күзгі дала сәл ғана күреңітіп жатыр. Орман-тоғайдың қойнауы әлі де жасыл бояуынан айырылмапты. Жауын-шашынның әсері-ау. Төңіректегі егін жиналып алынған соң жаз бойы қамап бағылған жылқының да аяғы ұзарған. Қарағаштың бергі бетінде жатыр екен. Қар түскенше тәп-тәуір қоң жинап қалуға тиісті.