Экология • 23 Қыркүйек, 2020
Табиғатты қорғай білу – өркениеттілік белгісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің алдағы қарқынды даму жолын айқындап беруімен де құнды болып отыр. Жолдаудан туындайтын міндеттер біздің мекемеміздің қызметкерлері арасында да қызу талқыланып, жаңа жағдайда жұмыс атқаруға деген зор серпіліс туындатуда.
Пікір • 23 Қыркүйек, 2020
Жылдағы Жолдаулар келелі, өзекті мәселелерге арналады. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген атының өзі-ақ айтып тұрғандай, жаңа кезеңнің әлеуметтік-экономикалық мәселелері биылғы Жолдауда жан-жақты қарастырылып отыр.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2020
Мұрат Темірәлиев: Тұғырымыз бүгінгіден де биік болатынына сенемін
Қазіргі кезде күллі әлемде құлашын кеңінен жайып, тасы өрге домалап тұрған таеквондо өнерінің Қазақстанда іргетасын қалаған Мұстафа Өзтүрік екенін барша жұрт жақсы біледі. Жырақта туып-өскен қандасымыз қазақтың тағы бір абзал азаматы Бексейіт Түлкеевпен бірге спорттың бұл түрін өркендетуге бел шеше кірісіп, көкжиегін кеңейтуге орасан зор үлес қосты. Нәтижесінде бұған дейін біз үшін таңсық болып келген өнермен елімізде сан мың адам шұғылдана бастады. Тоқсаныншы жылдардың басында таеквондоның тұнығына бойлаған сондай жалынды жастардың бірі Мұрат Темірәлиев еді. Бұл күндері Алматы қалалық федерациясының вице-президенті қызметін атқарып отырған азаматпен жуырда жүздесудің реті келді.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2020
Жыл соңына дейін Павлодар қаласында әнші-композитор, ақын Естай Беркімбайұлының ескерткіші бой көтереді.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2020
2000 жылғы тамыздың бас кезінде Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова 50 жасқа толды. Ақынның әдемі көркіне, кеңпейілді, дарқан мінезіне қарай аспаннан күн сәулесі жерге түсіп, дүние жарқырап кетті. Бәріміз мерейтойға байланысты Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының залына жиналдық. Залда ине шаншар жер жоқ, іші халыққа лық толы.