Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023
Сарысу ауданына қарасты Саудакент ауылында даңқты қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдық мерейтойы сән-салтанатымен аталып өтті. Іс-шара аясында қобызшылар байқауы және дара тұлғаға арналған республикалық форум ұйымдастырылды.
Президент • 18 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президенті Каталин Новакпен бірге БҰҰ-ның «Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу жолындағы прогресті жеделдетудің негізгі өтпелі процестеріне қатысты ауқымды іс-қимылдарды жандандыру» атты Көшбасшылар диалогының бірінші сессиясында төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме.
Өнер • 18 Қыркүйек, 2023
«Сөз аяқталған жерде музыка басталады» дегенге келіспеске кейде лажың да қалмайды. Расында, мұнда көркем әдебиеттегідей образ да жоқ, көзбен көріп, санамен сезінетін бейнелеу өнері де емес. Адам айта алмаған дүниені кейде музыка, ән жеткізіп жатады. Көңілдегіні тап басып, өзге бір әлемге жетелей жөнелетін музыка құдіреті де бөлек.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2023
«Әсеттей сал ән салсаң...» деп басталатын әннің бірнеше нұсқасы бар. Әсет әндері Арқа жерінен қанат қағып, мынау Семей, сонау Жетісу мен қазір арғы бетте қалып қойған қазақ өлкелеріне түгел жайылған ұлт өнерінің асқақ бейнесі десе болғандай. Кезінде қазақ ән өнеріне қатысты маңызды хабарлар мен бағдарламалар, үлкен ән байқаулары Әсет әнінің атымен «Інжу-маржан» аталып жатты. Қазақ өнерінің алыбы жиып алыңдар дегендей ұлт мәдениетінің небір інжу-маржандарын тастап кетті соңына.
Мәдениет • 18 Қыркүйек, 2023
Қыркүйектің 13-17 аралығында елорданың 25 жылдығына орай, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Silk Way Creative Games» XIV Ұлттық дельфий ойындары өтті. Оған фортепиано, скрипка, академиялық ән, халық аспаптары, халық әні, эстрадалық ән, халық биі, заманауи би, фотография, киім дизайны, көркем оқу, театр өнері, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, ым-ишара тілінде ән айту сынды барлығы 15 аталым бойынша 10-25 жас аралығында 500-ден астам өнерпаз қатысты. Бұл 500 өнерпаздың әрқайсы 30 сәуір мен 5 қыркүйек аралығында еліміздің 17 облысында Ұлттық дельфий комитеті өткізген өңірлік іріктеу турларының үздіктері.