Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Ақтөбе қаласында алғаш рет «Гүлдер әлемі» фестивалі ұйымдастырылып, кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, оқу орындары, балабақшалар мен қосымша білім беретін ұйымдар ұжымдары, саяжай тұрғындары өз қолдарымен өсірген жұпар иісті сан алуан гүлдермен алаңды көмкеріп тастады.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
«Батырлар мекені» зерттеуге сұранып тұр
Ақсудың Алғабас ауылдық округінің аумағы «батырлар мекені» аталып кеткен. Себебі бұл жерде Ер Сырымбет батырдың және Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батырдың зираттары бар. Осыдан біраз жыл бұрын жергілікті өлкетанушылар ауыл маңынан қазақ-жоңғар соғысының қаһармандары Өмірзақ Қойсарыұлының және Өтен Ырыскелдіұлының жерленген орындарын тапқан еді. Жуықта қос батырға ескерткіш тас орнатылды.
Футбол • 21 Қыркүйек, 2022
Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті конференциясы өтіп, онда балалар футболы мен бұқаралық футболды дамыту, осы салаға маман даярлау мәселелері талқыланды. Жиынға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, ФИФА-ның еуропалық ұлттық қауымдастықтар бойынша директоры Эльхан Мамадов, УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар бойынша кеңесшісі Йозеф Климент қатысты.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2022
Бұл күндері Алматыдағы «Ақбұлақ» олимпиада даярлығы орталығында бессайыстан Сары құрлық чемпионаты өтіп жатыр.
Футбол • 21 Қыркүйек, 2022
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің ойындары алдында Ақтауда Әзербайжан құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.