Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
Жастарға 5 жылға жалдамалы пәтер беріледі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 қаңтарда өткен Жастар жылының ашылу салтанатында: «Жас отбасыларға арналған баспана мәселесі ірі қалаларда өткір екенін ескере отырып, Үкіметке алдымен Астанада, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз ету қажет. Бұл пәтерлер жалдамалы баспана санатына жатқызылуы тиіс» деген болатын. Жастарды жалдамалы пәтермен қамту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында да баса айтылды. Тапсырманы орындау мақсатында мемлекет бюджетінен 21 млрд теңге қаржы бөлініп, жыл аяғына дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жеке-жеке 1050 пәтер, Шымкент қаласында 900 пәтер жалға берілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
«Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?..»
Баланың бақытты болуы тек ата-ана, ағайын-туысқа емес, ұлтқа-қоғамқа қажетті құндылық. Өкінішке қарай, тағдырдың жазуымен денсаулығында ақау бар болғандықтан, мүгедек деген санатқа іліккен балалардың болуы жан ауыртады. Қоғам оларды да шетке теппей, мүмкіндігінше әлеуметтік-материалдық және рухани тұрғыда қолдау көрсетіп келеді.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
Талас топырағындағы тас таңбалар
Көне дәуірдің куәгерлеріндей болған Қызыләуіт – Бәзіл петроглифтері ерте ортағасырлық, ерте темір ғасырына жататын тарихи құндылықтардың бірі. Талас топырағында ықылым заманнан бері жасап келе жатқан Қызыләуіт – Бәзіл петроглифтері Ақтөбе ауылынан 2,4 шақырым оңтүстік-батыста, Бәзіл деп аталатын жердегі бос жатқан тасқа салынған. Ал байырғы Бескепе таңбалары Қызыләуіт ауылынан 3,2 шақырым оңтүстік-батыста, Бескепе деп аталатын жердегі аласалау төбедегі үлкен тас бетіне бедерленген. Қазыналы Қаратаудың шатқалдары мен сайларында ерте дәуірлерден қалған петроглифтер көптеп ұшырасады. Сонымен қатар ғылыми айналымға енген суреттер саны бірнеше мың. Тастағы таңбалар сол кездегі бабалар өркениеті мен танымынан да хабар береді.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тұтастай онкүндік шара өткізу жөнінде шешім қабылдаған еді. Бұл бағытта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты тұрғындарды ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда облыс аталған реформаны қолдау деңгейі мен дәрежесі бойынша елімізде алдыңғы орындардың бірінде екенін айтқанымыз жөн.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
Дүкен Мәсімханұлы: Ынтымақтастыққа оң ықпал еткен сапар
Қазақ пен қытай – жер жаралып, су аққалы бері қарай Азияның шығысы мен кіндік бөлігін ортақ жайлап, бірге жасап келе жатқан халықтар. Тарихтың толқыны бірде толып, бірде ортайып, әртүрлі кезеңді бастан өткердік. Бірақ соған қарамастан Қазақстан өз алдына дербес ел атанғанда алғашқы болып тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің бірі – Қытай Халық Республикасы.