Саясат • 18 Қыркүйек, 2023
Қоғам және отбасы: қауіпсіздік кілті
Таяуда Будапештте отбасы қауіпсіздігіне арналған демографиялық саммит өтті. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын жаһандық іс-шарада отбасылық-демографиялық саясаттың Қазақстан моделі ұсынылды.
Алматы • 18 Қыркүйек, 2023
Этносаралық үйлесімнің жаңа деңгейі
Алматыдағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» тақырыбында конференция өтті. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты ел халқына Жолдауы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ сарапшы ғалымдар мен бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.
Үкімет • 18 Қыркүйек, 2023
«Жұмыс орындары қазір қажет»: Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды
ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 8 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар тарту қарқыны және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
Балаларды қорғаудың заңдық негіздері
«Amanat» жетекшісі Ерлан Қошанов Мәжілістегі партия фракциясының жиналысын өткізді. Отырыста еліміздегі отбасы, ана мен бала құқығын қорғаудың қазіргі жағдайы талқыланды. Сондай-ақ жиында жұртшылықпен бірге әзірленген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылды.
Елорда • 18 Қыркүйек, 2023
Астананың балабақшаға қатысты игі бастамасы
Еркебұлан Елеуов – төрт баланың әкесі. Ол жағымды жаңалықты естіп, өзі үшін де, осындай көмекті алатын отбасылар үшін де қуанышты екенін жеткізді. Өйткені оның үшінші қызы енді балабақшаға тегін барады. Мұндай мүмкіндік бүгінде 6 мыңнан астам астаналық балаға беріліп отыр.