Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2024
«Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Аспан қалай ашылмақ?» демекші, еліміздің бүгіні де, ертеңі де, сан салалы дамуы да жалынды жастардың жігеріне, іскерлік қабілетіне байланысты. Сан мәрте айтылып жүрген, айтыла да беретін өмірдің ақиқаты осындай. Ендеше, ертеңін ойлаған ел өзінің жас өскіндеріне бүгін қандай қамқорлық танытып жатыр? Біле білсек, мемлекет тарапынан жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуы, кәсіппен айналысуы және т.б. жағдайлары үшін аз қамқорлық жасалып жатқан жоқ. Соның бірі – жас кәсіпкерлерді қаржылай қолдау.
Білім • 17 Қыркүйек, 2024
Даудың басы – конкурс құжаттамасы
Күз түсіп, жаңа оқу жылмен бірге ғалымдар арасында да қызу тірлік қайнайды. Бұл – гранттық қаржыландыру конкурсына құжат тапсыру ісі. Олардың жанталасын түсінуге де болады, себебі жоғары жалақы алмайтын жанға грант қаржысы зерттеуін алаңсыз жүргізуіне, негізгі жұмысын атқара жүріп, қосымша ақы алуына мүмкіндік береді. Жақында жарияланған конкурс құжаттамасы осыған даярлықты қалт жібермейін деп күтіп жүрген жұрттың қарсылығын оятты.
Шымкент • 17 Қыркүйек, 2024
Шымкентте сауда-логистикалық орталығы аумағында бөтелкедегі кока-кола, салқын шай, ауызсу өндіретін жаңа зауыттың өндірістік екі желісі іске қосылды.
Шаруашылық • 17 Қыркүйек, 2024
Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында жалған ақпар беру ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отырғанына ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы арнайы комиссияның 2 млн ірі қара және 3 млн-нан астам уақ малдың санда бар, санатта жоқ екенін анықтағанын айтып, мұның бәрі мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық деп мәлімдеді.
Ғылым • 17 Қыркүйек, 2024
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымы Қанат Ермекбаев Орталық Азия мемлекеттерінде өсетін бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр.