Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
«Біз латын әліпбиіне көшу идеясын қолдаймыз!»
Қазақстан жастары Конгресінің үндеуі:
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Еліміздегі ең жоғары заң шығарушы орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта парламенттік тыңдау өткізуі, шын мәнінде ұлт пен тіл жанашырларының ғана емес, барша қазақ халқы үшін айтулы шара дер едім.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Ұйым тарихындағы айрықша оқиға
Елордада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өтті. Екі күнге созылған алқалы жиынның алғашқы күні пленарлық отырыстың ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Кеше саммиттің екінші күні бірнеше тақырып аясындағы сессия жұмыстарымен жалғасты.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Уақытпен үндескен рухани үрдіс
Кеше Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтті. Маңызды мәселе талқыланған алқалы кеңеске Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен әліпби жобасын әзірлеуші А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдар, сарапшылар қауымы қатысып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссиясының ұсыныстары кеңінен талқыланды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2017
ОҚО-ғы ауыл тұрғындары 15 мамандық бойынша кәсіби білім алмақ
Ауылдағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту арқылы облыстың деңгейін көтереміз. Әкімдіктің кезекті селекторлық жиынында көтерілген өзекті мәселелердің бірі де осы болды.