Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Түрлі тағдыр, «қилы қызық» немесе учаскелік полицейдің бір түні
Әйнекті шағып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ба, түсініп болмадық, дереу рацияға түскен мекенжайға келгенбіз. Аулада жедел жәрдемнің көлігі тұр. Подъездің есігі тас жабық. Терген қоңырауымызға жауап жоқ. Шақырып алып, есікті ашпайтындары несі осы?! Онсыз да шақыртудан шақырту. Қабаттан қабатқа көтеріліп, аяқтан таусылып жүрміз...
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2022
«Жазуда ең маңыздысы – адамның сезімі»
Жуықта жас жазушылардың әңгімелері топтастырылған «Дауыс» атты прозалық антология жарық көрді. Ерекше атап өтерлігі, бұл антологияға Халық жазушысы Мұхтар Мағауин алғысөз жазып, олардың шығармашылығына сәт сапар тілепті. Осы кітапқа прозалық шығармалары енген Бақытбек Қадыр, Жәудір Нартай, Әлішер Рахат, Есбол Нұрахмет сияқты жас таланттарды дөңгелек үстел басына шақырып ек, олар қазіргі заманғы әдебиет және өз шығармашылық жоспарлары туралы ой бөлісті.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Еңбек қауіпсіздігі – елеулі мәселе
Бурабай баурайында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми бағыттардың басымдылықтары» атты конференция өтті. Елеулі мәселені екшеген іс-шараны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Қазақстандық еңбек және өнеркәсіптік қауіпсіздік қауымдастығымен бірлесіп, еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты өткізді.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022
Мегаполисті дамытуға – 6 трлн теңге
Алматы қалалық мәслихатының XXV сессиясында «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» бағдарламасы бекітілген болатын.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022
Жұрт игілігіне жараған жобалар
Қазір Қазалы ауданындағы үлкен жобаның бірі – «Қарлаң» учаскесіндегі темір-бетон көпірінің құрылысы. Ұзақ жылдар бойы өзеннің арғы бетіндегі ағайынның күні қалқымалы көпірге қарап келген. Дария арнасында мұз ұстасатын қыс пен өзен суы молаятын көктемде бұл көпірлер жиналып, ауылдағылардың аудан орталығына жетуі қиындай түсетін. Мыңдаған халық жылдар бойы күткен көпір құрылысы биыл басталды.