Президент • 14 Қыркүйек, 2023
Президент Тәжікстанда «Достық кеші» концертін тамашалады (фоторепортаж)
Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекеттер басшылары «Достық кеші» салтанатты концертін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 14 Қыркүйек, 2023
Қант диабеті – ағзадағы зат алмасу қызметінің бұзылуынан пайда болатын қауіпті әрі созылмалы дерттің бірі. Керекудің емдеу мекемелері жыл басынан бері 45 мыңнан аса тұрғынды скринингтен өткізіп, 465 адамнан қант диабетін анықтады.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2023
Бала өліміне әкелген бейқамдық
Ұзынкөлде өткен мерекелік іс-шара кезінде тоқ соққан қыз қайтыс болды. Аудан орталығында Жастар күні аясында ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарламасына бүлдіршіндерге көзқуаныш, қызық көрінетін мерекелік көбік шашу рәсімі де енген. Көбік шашудың арты қайғылы оқиғаға ұласып, 9 жастағы жас өрім ауруханаға түскен.
Тұлға • 14 Қыркүйек, 2023
Тұңғышбай Жаманқұлов деген есім бұл күнде бар қазаққа, тіпті өзге ұлттар үшін де әйгілі болып отыр. Оның әйгілілігі сондай, көшеде келе жатса да назар аудармайтын, реті келсе иіліп сәлем бермейтін адам жоқ. Сәті түскендері оның қолын алып, сол үшін өздерін бақытты жандай сезінеді. Театрда, кино залында немесе көпшілік жиналған жерде жұрттың жапа-тармағай онымен амандасып, реті келсе бір жапырақ қағазға қол қойдырып алып жатқанын көргенде менің есіме Сәбит Мұқановтың: «Осы да жетті деген тілегіне, жол таптым бар қазақтың жүрегіне» деген өлең жолдары еріксіз түседі.
Зерде • 14 Қыркүйек, 2023
Темір ауданы Шилісу өзені бойында ХІХ ғасырдың соңында Ақтөбе өңірінде бірнеше жерден мешіт-медресе салған көрнекті рухани ұстаз, дін қайраткері Досмұхамед (Досжан) ишан Қашақұлының мемориалдық кешені ашылды. Еліміздің батыс өлкесінде діни-ағартушылық қызметпен айналысып, елге ұстаз бола білген жүздеген хазірет, ахун, ишан есімдері отарлау кезеңінде тасада қалды.