Қоғам • 14 Қыркүйек, 2024
Талапты жастардың тәжірибе алаңы
Этностар тығыз орналасқан аймақтардағы ауыл жастарымен тікелей жұмыс істеу – маңызды мәселе. Оларға кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру, креативті идеялардың жарыққа шығуына ықпал ету – ел жастарын қолдауға бағытталған ілкімді жобалар санатында. Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Алматы қаласында «Jastar Generation-2024» халықаралық лагері өтіп, талапты жастар ортақ тәжірибе алмасу алаңында тоғысты.
Шаруашылық • 14 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру керегін атап өтті. «Бұл – ең алдымен, ауыл шаруашылығына қатысты мәселе, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану қажет», деді Президент. Осы орайда Түркістан облысында мақта шаруашылығына тамшылатып суару технологиясы кеңінен енгізіліп келеді. Су үнемдеу технологиясын ұтымды пайдаланып жатқан шаруа қожалықтарының қатары артқан. Сондай-ақ суды көп тұтынатын дақылдар алқабы 10 мың гектарға қысқартылған.
Медицина • 14 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ», деді. Сонымен бірге ол «науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды», деп қадап айтты.
Денсаулық • 14 Қыркүйек, 2024
Биыл Мемлекет басшысы ұрпағымыздың келешегіне қатысты маңызды құжатқа қол қойғанын қалың бұқара жақсы біледі. 19 сәуірде шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға тыйым салынатын заң күшіне енді.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2024
Қыран құстың қанаты жазылғанда...
Құсбегілік түркі халықтарына жат емес. Ертеде қазақтар жылқы малының бабын тауып, тазы жүгіртіп қоймай, құсбегілікпен де жүйелі айналысқан. Аңшылыққа осы екі жүйрікпен шықса, қоржын бос қайтпаған. Бірі – жердегі жүйрік болса, екіншісіне – көкте тең келетін құс жоқ.