Саясат • 19 Қыркүйек, 2022
Парламент қабылдаған саяси реформалардың пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық модельге көшкенін білдіреді. Бұл модельде Президент бір мерзімге, қайта сайлану құқығынсыз сайланады. Оның үстіне бұл норма өзгеріссіз қалады және қайта қарауға мүмкін болмайды.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2022
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандасымыз Геннадий Головкинге қолдау білдіріп, өзінің Instagram парақшасына пікір қалдырды.
Үкімет • 18 Қыркүйек, 2022
Жұма күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында тарихи шешім қабылданды. Елорданың бұрынғы атауы қайтарылып, енді Астана деп аталмақ. Сондай-ақ жиын барысында Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық мерзіммен шектеу, Конституциялық сот мүшелерін тағайындау секілді мәселелер де қаралды.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022
Өрттен кейінгі жағдай түзеліп келеді
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қостанай облысына іссапармен келді. Үкімет басшысы бірінші кезекте Әулиекөл ауылына ат басын тіреп, алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты.
Саясат • 18 Қыркүйек, 2022
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылар кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.