Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
Өзбекстанмен парламентаралық байланыстарды үдету туралы келісімдерге қол жеткізілді
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 25-27 қыркүйекте Өзбекстан Республикасында ресми сапарда болды. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеёвтің қабылдауында болды және өзбек Парламенті қос палатасының басшыларымен келіссөз жүргізді, Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтің көкнәрші Молдарәсіл туралы жазған көркем дүниесі бар. Күніне бір мәрте көкнәр езіп ішіп, сосын қалың ұйқыға кетіп кәйіп болмайынша бас сүйегі сынып, денесі қақсайтын киеванның соңы сол әдеби кейіпкермен біткен жоқ. Оңтүстіктің күнгей аудандарының бірінде кісісі өліп қаралы болып жатқан үйдің жаназасынан кейін берілетін шайында көкнәр болмаса бетін сипап, етегін қағып орнынан тұрып кететін шалдар әлі де бар.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2017
Павлодар қаласының №2 соты 34 жастағы жеке кәсіпшілікте менеджер болып жұмыс істейтін Рустам Гильмановтың (сотталушы есімі өзгертілді) қылмыстық ісін қарап, оны алты жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге үкім шығарды. Бұл оның жастығына қарамай, төртінші рет сотталуы. Бірнеше рет істі болуына басты себеп – саналы түрде теріс діни экстремистік жолға түсіп, ауыр қылмыс жасауы.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2017
Судьяға әділдік пен әдептілік тән
Тәуелсіздік жылдары еліміз өзін әлемдік қоғамдастықта зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде танытып, халықтың экономикалық әл-ауқатын артырып, мықты билік жүйесін құра білді. Осы даму кезінде мемлекеттік сот жүйесі де өзгерді. Әділ сот төрелігіне қол жеткізу үшін ең алдымен судьялық әдеп қағидаларын сақтау қажеттігі айқындалды. Біз осы және басқа да мәселелерге байланысты Жоғарғы соттың судьясы Ғалымжан МЫРЗАКЕГЕ жолығып, сот төрелігіне қол жеткізудегі басты басымдықтар туралы айтып беруін сұрадық.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
Еліміз тарихындағы орны ерекше
ЭКСПО-2017 көрмесі халықтардың достығын, қазіргі заманның жетістіктері мен инновациялық технологияларын көрсеткен заманауи көрме болды. Ол Қазақстанның, Астананың танымалдылығын арттыра түсуге үлкен үлес қосты. Оны көруге төрт миллионнан астам адам келді.