Руханият • 29 Қыркүйек, 2020
Қазақ тілін төрге шығаратын уақыт жетті
Аңсаған тәуелсіздікке біз ана тілімізден, салт-дәстүрімізден, санамыздан, жадымыздан біржола айырыла жаздап жеткен халықпыз. Бұрынғы Кеңестер Одағында ұлт республикаларының барлығында, астанасынан бастап барлық үлкен қалаларында, елді мекендерінде ұлт тіліндегі балалар бақшалары мен мектептерін аштырмау, шектеу, барларының өзін орыс тіліне көшіру саясаты күшті қарқынмен, үздіксіз, жүйелі, қатаң жүргізілді. Бұл саясат өзінің нәтижесін берді.
Оқиға • 29 Қыркүйек, 2020
Бес жасар балдырған Абай өлеңін жатқа оқып, жүлде алды
«Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауының биылғы бас тақырыбы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған екен. Жақында жас таланттарды іріктеп, оза шапқандарға арнайы жүлде беретін байқаудың ақтық сайысы өтті.
Білім • 29 Қыркүйек, 2020
Білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынды
Қыркүйектің 24-25-і аралығында Сүлеймен Демирел университетінің ұйымдастыруымен «Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9-шы халықаралық конференциясы» (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Жаман індеттің зардабы Қарттар күнін де қалыпты жағдайда өткізуге кедергі келтіріп отыр. Жыл сайын «Қарттар күнінің» қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері сенбілікке шығып, оның ақшасын облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер ұйымдарының есепшоттарына аударатын еді. Осынау біркүндік табыстың өзі қарттарды құттықтап, естелік сыйлықтар, азды-көпті ақша мен зейнетақысына ала бермейтін пакеттер толы тәтті-дәмділерді таратып, дастарқан жайып, жақсы мерекелеуге, құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін.
Технология • 29 Қыркүйек, 2020
Балшық сорғыш кемені суға түсірді
ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр стансасы өзен арнасын тереңдету жұмыстарын атқаратын 1600-45 жобасы Ц480Д дизельді жаңа балшық сорғыш кемені Ертіс өзенінде суға түсірді. Балшық сорғыш кеме Ресейдегі Цимлян кемежасаушы зауытынан 5 жылға лизингке алынған.