Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Байзақ ауданында «ақылды мектептер» көбейеді
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында мемлекет қолдауының нәтижесінде бірқатар жаңа мектеп салынып, көптеген білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мұндай жұмыстар, әсіресе, Байзақ ауданында жүйелі жүзеге асуда. Бұл ретте ауыл мектептеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың маңызы зор.
Білім • 21 Қыркүйек, 2020
ҰБТ-2020: қорытынды көңіл көншіте ме?
Ұлттық бірыңғай тестілеудің жылдағы «жыры» грант тағайындалып, мемлекеттік білім беру грантын иеленгендердің тізімі жарияланған соң бітетін. Биыл бұлай біте салмады. Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Мемлекеттік комиссияның шешімінен кейін қолда тұрған грантынан айырылып қалғандар болды. ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендеді, шекті балл жинаған талапкерлердің саны айтарлықтай азайды.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2020
Жұмыс орындарына ерекше мән береді
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция режімінде әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты республикалық комиссияның отырысы өтті.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2020
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті. Жиын барысында талапты жастар ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, ведомство басшылары бірқатар сұраққа жауап берді.
Экология • 21 Қыркүйек, 2020
Бүкіләлемдік экологиялық акция
Елордада Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен бүкіләлемдік «World clean up day» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара аясында елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Сенбілікке Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.