Пікір • 13 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік қызметші: ұстыны мен ұстанымы
Бүгінде еліміз бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу, түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылу деректері азайып келе жатқаны қуантады. Мысалы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің жанындағы Әдеп кеңесінде 2020 жылы – 65, 2021 жылы – 59, 2022 жылы 39 тәртіптік іс қаралып, әдеп нормаларын бұзу дерегі өткен жылы 14%-ға азайған. Ал Әдеп кеңесінде қаралатын мәселелердің жартысына жуығы профилактикалық сұрақтарға арналып отыр.
Форум • 13 Қыркүйек, 2023
Кипр мен Перу сарапшылары отандық медиаторлардың медиацияны қолдану тәжірибесіне жоғары баға берді. Бұл туралы олар Мәскеу қаласында өткен «Ресей-Қазақстан. Медиация институтын дамыту жолындағы халықаралық тәжірибе. Теориядан тәжірибеге көшу» атты II Халықаралық форумда айтты. Іс-шараға Халықаралық келіссөздер академиясының сарапшылары қатысты.
Еңбек • 13 Қыркүйек, 2023
Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында былтыр «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіткен еді. Сонымен бірге Үкімет қаулысымен елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланды. Бүгінгі таңда даталы күнді атап өтуге байланысты тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.
Еңбек • 13 Қыркүйек, 2023
Наубайхана ашып, нәпақа тапқан
Ауылдағылар дүкеннен нан сатып алмайтын. Әр отбасында ақ жаулықты аналар бірі тандырға, енді бірі табаға салып, ас атасы – нанды өздері жабатын. Ілгеріде. Кейінірек оған заманауи дерлік қысқа толқынды пештерде пісіретіндер қосылды. Бүгінде нанды және нан өнімдерін дүкеннен сатып алатындардың қатары қалыңдай түскен. Оның себебі де көп. Соның бірі – сапасы, яғни ерекше дәмінде болса керек. Мысалы, Созақ ауданындағы Жуантөбе ауылының тұрғындары Аманқыз пісірген нанды тұтынады, той-жиын өткізетіндері де соған тапсырыс береді.
Әскер • 13 Қыркүйек, 2023
Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаздар ұлттың мәдени жауһарларымен жіті таныс болғаны жөн. Әсіресе Жетісу өңірінде елдің айнасына айналған рухани жәдігер жетерлік. Соның бірі – Мұхаметжан Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі. Жақында Үштөбе гарнизонындағы 15603 әскери бөлімнің сарбаздары рухани шаңыраққа бас сұғып, тұңғыш теміржол инженерінің өмір дерегіне үңілді.