Саясат • 21 Қыркүйек, 2020
Экономика тұрақтылығы заңмен реттеледі
Әлемді әбігерге салған пандемияның кесірінен осыған дейінгі өмір-дағдымызға өзгеріс енгені айтпаса да белгілі жайт. Әсіресе, коронавирустың салдары ел экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді. Қаржы, несие салаларына қатысты нормалар мен актілерді қайта қарауға тура келді. Мәселен, еліміздегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс барысын реттеу бойынша Қазақстанның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енді.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2020
Шын әнші фонограммасыз шырқайды
«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дейді ұлы Абай. Әлбетте, талас бар жерде талғам да қатар жүруге тиіс. Бұл, әсіресе бүгінгі ән өнері мен оның орындаушыларына қатысты. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» десек, шын жүйрікті шабанынан айырып, қадіріне жетер күн енді туғандай.
Таным • 21 Қыркүйек, 2020
Түркиядағы түрлі қорларда сақтаулы қазақ даласы перзенттерінің жазба дүниелерін мерзіміне қарай сөз етер болсақ, әуелі, әрине, Отырар ұландары бірінші орында тұрады. Фарабтықтардың түрлі тақырыптарды сөз ететін араб, түрік, парсы, ағылшын тілдеріндегі еңбектері өз алдына бір төбе. Солардың ішінде энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби бастаған отырарлық ойпаздардың орны бөлек.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2020
Жерге қаратқан командалар жанкүйерлерден кешірім сұрай ма?
Қазақ жанкүйерлері бұрын-соңды осылай жерге қарамаған шығар. Төрт команда алты ойын өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Клубтардың осындай аянышты күйге түсуіне түрлі себептер мен сылтаулар айтуға болар. Алайда чемпионатты ұйымдастыруды қайта-қайта кейінге шегере берген Қазақстан футбол федерациясының әрекеті ақтауға келмейді деген ойдамыз және сол үшін де федерация басшылығы мен команда бапкерлері жанкүйерлерден кешірім сұрауы керек.
Кәсіпқой бокс • 21 Қыркүйек, 2020
Бір чемпионатта топ жарған ағайындылар
Қазақта «бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ» деген сөз бар. Бірақ бұл сөзді жоққа шығарып жүрген спортшылар аз емес. Әлемдік спортты былай қойғанда, қазақстандық спортшылар арасында да көптеп кездесіп жатады. Соның ішінде егіздер Геннадий мен Максим Головкинді айтуға болады. Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар да сол қатарда. Ересектер сапына қосылғанына бір жыл болған бауырлар былғары қолғапты қатар киіп, Олимпия ойындарында бірге топ жарсақ деп армандайды. Ол үшін аянбай еңбек етіп те жатыр.