Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясатты іске асыруға басымдық берген кезекті Жолдауын жариялап, Үкімет пен қоғам алдында тұрған негізгі міндеттерді тағы бір мәрте қаперге салды. Кейбір маңызды тұстарын егжей-тегжей анықтап та берді. Жолдауда атап өтілгендей, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу айрықша маңызды.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Техникалық мамандықтың болашағы зор
Қыркүйек айы жақындаған уақытта Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауын тағатсыздана күткеніміз рас. Себебі Президент Жолдауы маңызды құжатқа айналып, алдағы бір жылда атқарылуға тиіс ауқымды шаруалардың жоспары түзілетінін аңғарып жүрміз. Әсіресе мемлекеттік органдардың өкілдері жұмысын бір пысықтап алатыны анық. Кейін ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асатыны қуантады-ақ. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының көздегені де осы емес пе?
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2024
Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Биыл жазғы демалыс уақытында еліміздің бірқатар өңірінде болып, жергілікті жұртпен жүздескен едім. Сонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған мәселенің бәрі тұрғындар тарапынан да көтерілді. Сол себепті Мемлекет басшысының Жолдауын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымының көрінісі болды деуге толық негіз бар.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2024
«Экологияны сауықтыруға борыштымыз»
Елде экологиялық жағдай күн өткен сайын күрделеніп бара жатқаны жасырын емес. Ол туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайдың пікірінше, елімізде қоршаған ортаға қатысты мәселелер қордаланып тұр. Тіпті АЭС шикізаты уранды алу әдісінің өзі ойландырады.