Пікір • 13 Қыркүйек, 2024

Көп тілегі көрініс тапқан

84 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл жазғы демалыс уақытында еліміздің бірқатар өңірінде болып, жергілікті жұртпен жүздескен едім. Сонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған мәселенің бәрі тұрғындар тарапынан да көтерілді. Сол себепті Мемлекет басшысының Жолдауын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымының көрінісі болды деуге толық негіз бар.

Көп тілегі көрініс тапқан

Сурет: inform.kz

Атап айтар болсам, ауылды қолдау, шаруалардың жұмысына дем беру, елді мекендерде сапалы медициналық мекемелер ашып, білікті кадрлармен қамтамасыз ету, ең көкейтесті мәселе жол салу секілді түйткілдердің бәрі осы Жолдауда қамтылды. Демек, Прези­дент Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің барлық өңірін­дегі халықтың жағдайынан жақсы хабардар әрі сол мәселенің бәрін шешу үшін күш салып келеді.

Бұл құжаттың ішіндегі мені қызықтырған, тіпті бүгінде елі­міздің әрбір тұрғынын алаңда­тып отырған мәселе – атом электр стансасының құрылысы. Прези­дент бұған дейін өзі бастамашы болып, уәде еткеніндей 6 қазанда республикалық референдум өтеді деп белгіледі.

Алдағы уақытта энергия тапшылығын қалай шешеміз, қандай қуат көздерін пайдаланамыз, атом электр стансасын саламыз ба, жоқ па, егер оның құры­лысын қолдайтын болсақ, оны кім салады, қандай технология пайдаланылады деген сұрақ­тар еліміз үшін өте өзекті болып отыр. Бұл тақырыпты Прези­денттің көтеруі бекер емес. Ел үшін, болашақ үшін маңызды бол­ған­дықтан, қайта-қайта айтып келеді. Осы орайда референдум­да хал­қымыз дұрыс таңдау жасап, өз дауыстарын береді деп үміттенемін.

Биылғы Жолдау мемлекеттік органдарға, сондай-ақ депутаттар корпусына алдағы уақытта қолға алынып, атқарылуға тиіс көп міндетті жүктеді. Жаңа заң­дарды қабылдау тапсырмасы да айтылғ­анын естідіңіздер. Осы баста­лып жатқан сессияда біз Жол­дауда айтылған бағыттар бойынша жұмыс істеп, алға қойылған мін­деттерді орындауға күш саламыз.

 

Максим РОЖИН,

Парламент Мәжілісінің депутаты